Адам бақытты болам деп жүгіріп жүргенде мынау 5 ақ күн тіршіліктің қалай өткенін байқамай да қалады. Қасыңызда жақын жандарыңыз бар ма, сіздің түн ұйқыңызды ұрлаған уайымыңыз жоқ па?! Ендеше сіз бақыттысыз! Бақыт деген сізге уайым, қайғысыз арайлап атқан әрбір таң мен жыламай, мұңаймай, жақын адамдарыңызды жоғалтпай ұйқыға кеткен тәтті түн. Ендеше бақытыңызды қадір тұтыңыз, шүкіршілік етіңіз!