+2 дауыс
234k көрілді
Ұстаз-ұлы тұлға туралы шығарма табуға көмектесесіңдерме?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
 
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,  мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
                   Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
                   Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
                   Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
                   Азбайтұғын адамның алтындығы –
 деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
    Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші!  Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз  да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
+1 дауыс

«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.
Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген. 
Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек. 
Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.

0 дауыс

"Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында", - дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - жүректің батырлығы!

0 дауыс

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.

Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. 

XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет.Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. 

ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.

Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

0 дауыс

Мәңгілік елдің кеменгері – Ұстаз.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

Абай Құнанбаев

Ия,өзі білген жақсы,ал сол білімді өзгеге беру одан екі есе жақсы іс болып табылады.Баланың санасына біртіндеп білім нәрін беретін ұстаз міндеті - ауыр, әрі жауапты жұмыс.

Қазіргі уақытта елбасымыз дамыған елдермен теңесу үшін жас, алған білімді өнімге айналдыра алатын мамандар даярлау қажет екенін айтқан болатын. Демек бұл жерде ең ауыр міндеттер мұғалімге келіп жүктелгелі отыр. Мына бізоқушыларда сол себепті бірге атсалсып,болашақ дамыған мемлекет қатарында болғымыз келсе осы сәттен бастап жақсы білім алып, үздік нәтижелерге көрсетуміз керек.

Мұғалім оқушы үшін мектептегі үлгі болар жанның бірі. Бізде солардан үлгі аламыз.

«Ұстазға болу жүректің батырлығы. Ұстаз болу –сезімнің ақындығы»Демек, ұстаздықмамандығы ең қызықты жұмыс.

Орындаған: Нұрланқызы Назерке. № 62 ЖББОМ-нің 4 « Ә»- класс.

...