0 дауыс
631 көрілді

2 жауап

+1 дауыс
Виртуальды жеке желі (VPN ағылш. Virtual Private Network) — жалпы қолданыста бар желі базасыңда құрылатын корпоративті желі (PSIN, ISDN) және негізгі желіге ұқсас қызмет түрлерін (қоңырауды қайта адрестеу, мәтіңдік пошта) көрсетеді. VPN-нің негізгі ерекшеліктері: мөліметтерді жоғары деңгейде қорғау және қысқартылган нөмір терудің көмегі арқылы оперативті қосылуды қамтамасыз ететін өзіндік нөмірлеу жобасы.
Виртуалды жеке желі (VPN) - бірінші кезекте Интернет секілді желілерді қоғамдық коммуникациялық құрылымдарды алыс қашықтықта (әсіресе жеке географиялық құрылымдарды) байланыстыратын жеке желі. Бұл желілер мәліметті шифрлеу сияқты тунельдік протоколдар және қауіпсіздік шаралары арқылы жеке желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселен, VPN бас кеңселердің бөлімшелерін желіге қосылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ VPN әртекті бірақ бір типті, мысалы IPv6 желісін IPv4 желісі арқылы, байланыстыруы мүмкін.
Жалпы VPN-дердің екі түрі бар: қашықтан басқарылатын VPN және сайт-сайт VPN. Қашықтан басқарылатын VPN жеке қолданушыларға қашықтан басқарылатын желіге қосылуға мүмкіндік береді, мысалы өзінің компаниясының интражелісіне қосылу роумингі. Сайт-сайт VPN бірнеше қолданушының байланысуын қарастырады, мәселен, филиалдардың компания желісіне қосылуы. Виртуалды желілер әрине шығындарды азайтады, себебі қауіпсіздікті күшейте отырып, қолданыстағы құрылымдарды пайдалана отырып, жалға алынатын желілерге деген сұранысты азайтады.
Ереже бойынша, VPN желідегі бөтен тұлғалар арасында жеке мәліметтердің жайылып кетпеуін қадағалау мақсатымен, қашықтан қолданушылардан тіркелу және шифрлеу әдістерін қолдануды талап етіледі.
Виртуалды жеке желілердің көмегімен қолданушылар, файлдар, принтерлер, мәліметтер базасы және желі ішіндегі қауіпсіз веб-сайттар сияқты қашықтан басқарылатын ресурстарды пайдалану сияқты желілердің көптеген фунцияларына қол жеткізе алады. VPN қашықтан қолданушылар орталық желіге нүкте-нүкте сілтеме арқылы тікелей байланысқандығына таңданыстарын жасырмайды.
Виртуалды жеке желілер кадрларды қайта жіберу негізінде жеке желілерге негізделіп келді. IP-VPN-дер қаржылай шығындардың кемуі, өтімділік мүмкіндігінің өсуі және қауіпсіздікке қол сұғушылықтың төмендеуі есебінен тарап кетті. Бұл IP-VPN-дер ақырында кез келген желіден өз орнын табады, мейлі ол ұялыдан ұялыға, спутниктік, сайттан сайтқа, немесе корпоративті жергілікті желі болсын
VPN желілері былай жіктеледі:
-туннельдену трафигін қолданатын протоколдар
-туннельдену нүктесінің жойылуы, яғни клиенттің шектелуі немесе байланысты қамтамасыз етушінің шектелуі
-немесе олар сайттан сайтқа немесе қашықтан басқару байланысты ұсынады
қауіпсіздік деңгейі көрсетіледі
-олар OSI қабатын желіге қосылу үшін 2 деңгейлі немесе 3 деңгейлі байланыс ретінде ұсынады
+1 дауыс
[VPN деген][1]


  [1]: http://yandex.kz/yandsearch?text=VPN%20%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D1%96%D0%BC%D1%96%D0%B7%20%D0%BD%D0%B5?&clid=9582&tld=kz&lr=21050
...