0 дауыс
1.5k көрілді
Киіз үйдің сыртқы бейнесі

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады

1. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

2.Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

 Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.


Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.


Есік

Киіз үйдің есігі – «Сықырлауық»

Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3 -сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.

Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сұрақтың жабылу себебі: Сайт ережесіне қайшы. Арнайы аударма жасайтын сайттардың көмегіне жүгін.
...