+2 дауыс
644 көрілді
Құрметті СЖ жауап қолданушылар және Админ мырза! Мен осы сайтқа тіркелгеніме біраз уақыт болып қалды. сайттан біраз нәрселерді үйрендім  және білмегенімді сідердің арқаларыңызда білдім! Осы сайтқа тіркелгеніме өкінбеймін! Егер аман есен  жүрсем . керегімімді іздеген жағыдайда  ең бірінші осы сайтқа кіретімен сенімдімін! Қазір сайтта біраз өзгерістер болып жатыр! Мен осы сайттың қолданушысы ретіндегі бір ұсынысым бар еді! Менің ұсынысым тек сайттын түсқағазы жайында болмақ. Түсқағазды өзгертсе қалай болар екен, мысалға  адамға жағымды, көңіл күйді көтеретіндей болса екен! Бұл сөзіммен  кәзіргі түсқағаз жаман дегенім емес  тек тым бір түсті секілді! Сіздер қалай  ойлайсыздар ? Менімемен келісесіздерме?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Фоны әппақ болғандықтан кейде көзді ауыртатыны рас. Көзді шаршатпайтын, көзге ауыр тиетін әсерлері аздау түс болса.
0 дауыс
Мен келіспеймін. Неге? Себебі сайттың түсі бір тонды емес, алабажақ түрлі түсті болсын делік. Бұл біріншіден фокус, клоун,мультик сайты емес. Екіншіден олай түрлі түсті шаблон сайттың шырайын ашпайды, және ол админнің талғамының төмендігін көрсетеді.
Сен менің сұрағымнан клоун , мультик сайты деген жазуды көрдіңбе ? Неге орынсыз кінәләдің?  Лондон олимпиадасы кезінде сайттың түсқағазына олимпиаданың эмблемалары тұрды. Сондай қылып ою-өрнектер , қазақтың көк туын қойса  болмайма?
түрлі түсті шаблон сондай сайттар үшін қолданса шырайын келтіреді, бұл сайтқа жааспайды деген ой ғой менікі. ренжіме.
Жоқ! Реніш жоққой.
Jako қолданушы қанша жаста?
+3 дауыс

Құрметті қолданушылар, сайт өзі өмір сүріп жатқан екі жылдан астам уақытта ылғи да ізденіс үстінде. Келісерсіздер екі жыл деген көп уақыт емес, сонда да СЖ сайты көптеген, оның ішінде дизайн жағынан болса да,танымалдылық жағынан болса да,техникалық жағынан болса да жетістіктерге жетті. Ал осы көрсеткіштер сайт әкімі және әкімгершілік алқасының қарап отырмай, ылғи ізденіс үстінде екенін көрсетсе керек. Бұдан кейін де осы бағытта жұмыс өрбиді деп ойлаймын. Біздің кез-келгеніміздің де сайтымыз тартымды,қызық болғанын қалайтынымыз рас, әрі ол қуанарлық жағдай ғой деймін. Сайт қолданушыларының немқұрайлы,салғырттық танытпай, сайтты бұдан да жақсы болса екен деп толғанатындығы қандай керемет. Ойларыңызға рахмет, бірақ барлық нәрсе мүмкіндікке қарай шешілетіні өздеріңізге мәлім болар, сондықтан сайт әкімі бұл ойларыңызды да ой елегінен өткізер деген сенімдемін. Негізі әр сайттың өзі таңдап алған түсі оның негізгі бір бренді сияқты болады, сондықтан не өзгерістер болса да осы бір ақшыл көгілдір түс айналасында болар. Тек асықпаңыздар, Мәскеу де бір күнде соғылмаған.

жасы қаншада екен? Жеке парақшада жоқ екен.
1958 жылғы
мәссаған)  Менің Әкемнен де үлкен екенғой!
Енді осындай жастардың арасында ақыл айтып, жол көрсететін үлкен адам керек қой))
(Кешіріңіз)
Иа ол дұрыс қой ! Сайтта ондай  үлкен адамдар болғаны жақсы. Тек жасын жазбапты... әйтпесе мен ол кісіні  өзіммен жасты шығар деп ойлап жүргем.
Суретіне, атына (( Jako)) қарап па?
Суреттегі інісі шығар деп ...
...