Нұралы Әжіғалиевтің #Ұлағаттым_ұстазым өлеңін оқи отырып, өзіммен ұжымдас болған, өмірден өткен ұлағатты ұстаздарды есімін атап еске алуды жөн көрдім.
Олар: Жөкеев Қайыралы, Қабдолов Өтепберген, Сәтенов Қабдыжан, Сидахметова Масиха, Рамазанова Сұлупаш, Құбиев Мұрат, Хиясова Маруся, Қыдырова Бақытжан, Өтенова Гүлнұр, Зұлхашев Өтепқали, Қалешова Роза, Қадиров Бауыржан, Мұхамбетова Лидия.
ҰЛАҒАТТЫМ—ҰСТАЗЫМ
Пәктіктен, парасаттан жаратылған,
Бір асқақ тұлғасың сен дара тұрған.
Ізгілік атаулының тірліктегі
Тамыры жүрегіңнен таратылған.
Қиялап шыққан күндей қырдан күліп,
Келесің тағдырларды нұрландырып.
Ойладың сәттер сайын шәкірт қамын,
Жаныңның тыныштығын құрбан қылып.
Шуақ тұр шұғылалы әз үніңде,
Тағылым түсінгенге - әзілің де.
Сайраған ізі жатыр сан ұрпақтың
Жүздегі айқұш-ұйқыш әжімің де.
Талайға талпынсын деп тұғыр бердің,
Талайға қолдан қайта ғұмыр бердің.
Білмеймін қанша жанның қарыздарын
Өзіңе үстінде бұл жұмыр жердің.
Әйтеуір, тылсымдармен табысқанның,
Сырлармен таңғажайып танысқанның
Қарыздар соның саған бәрі бәрі,
Батырдың, бақыттының, данышпанның.
Бетімді ұстадың да желге бейім,
Мені де жетеледің өрге дейін.
Ақынның аласұрған асау
басын
Алдында иемін мен жерге дейін!
Алғысын балғын кездің - бала шақтың,
Өзіңдей бұл өмірде алажақ кім?
Сен ғажап тарихтың тұстасысың,
Сен ғажап ұстасысың Болашақтың.
#Нұралы85
#Нұралы_Әжіғалиев
#Ұлағаттым_ұстазым
#Ном_50