Заманына қарай ғой, бұрынғы заманда шашты айранмен, сарысумен жуған. Ал, қазіргі заманда әртүрлі сусабындарды пайдаланамыз. Бірақ айранмен жуған шаш жібектей жұп-жұмсақ болып, жылтырап тұрады және шашқа пайдасы да көп, қайызғақты кетіреді. Егер айран болып жатса (онда да үйдің айраны), шашқа пайдалануға болады. Бірақ міндетті түрде айранмен жуу керек демеймін, жақсы-жақсы, шашқа жағатын сусабындар баршылық. Дәріханалардан да шашқа пайдалы сусабындар алуға болады.