0 дауыс
1.6k көрілді
мұғалімдер мерекесіне арналған өлең жолдары керек

4 жауап

0 дауыс
2.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
 Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
 Азбайтұғын адамның алтындығы

1.Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
+1 дауыс
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

 

Қайырмасы:

Сыңғырла соңғы қоңырау,

Тілегің болсын түлекке.

Киелі үнің күш берсін,

Үлпілдеп тұрған жүрекке!

 

Орындалсын аңсап жүрген арманың,

Арайланып атсын нұрлы таңдарың.

Туған елдің көк байрағын көтеріп,

Биіктерден көріне бер, саңлағым!

 

Қайырмасы:

 

Ардағым деп қуанады ел саған,

Тарланым деп табынады жер саған.

Болашақтың бар тізгіні сендерде,

Сенім артар азаматым, болшы аман!



Ұстазым

Әні Әбілахат Еспаевтікі

Сөзі Аманжол Шамкеновтікі
0 дауыс
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

 

Қайырмасы:

 

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

 

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

 

Қайырмасы:

 

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

 

Қайырмасы:

*

Ұстазым

әні Темір Тайбековтікі

сөзі Сейфолла Оспановтікі
0 дауыс
Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!
Б.Әбдіораз


Тұла бойың тұнған сабыр,

Кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға,

Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

 

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

 

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

 

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
*Ақпарат [мына][1] жерден алынды.*


  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz/k1241sibi-merekelerge/m12011171alimder-k1199ni/

Ұқсас сұрақтар

...