Сәл-сәл шыдаңыздар. Шынымен де мен қаржы жағы қарастырылып жатыр. Сол қаражат жағын қарастырып жатырмыз. Сайттың қазіргі кезде сырт келбетін реттеп, сайтты әрлендіру тазалық жұмыстары сол үшін жүргізіліп жатыр. Сайтқа жарнама тартып жатырмыз. Егер ол мәселе шешілсе барлығына деп айта алмаймын, бірақ біраз белсенді модератор, редакторларға айлық ретінде айына 5-10 мың, егер тауып жатқан қаражатымыз көптеу болса 10-15 мыңға дейін айлық ретінде төлеп тұра аламыз. Көп емес бірақ бастаптыда осылай бастасақ, кейін қаржы жоспарымыз бойынша оны көтере аламыз. Бірақ айта кетейін барлығына емес, шын белсенді сайтқа еңбегі сіңіп жатқан таңдаулы модераторлар мен редакторларға төленеді. Мен де осы кезді ұзақ күттім, бірақ нәтижесі жаман емес. Оған қоса сайтқа әр саланың мамандарын жинаумен қатар сайтта көптеген жаңа мүмкіншіліктерді дайындап жатырмыз. Құдай қаласа СЖ сайты үлкен пайдалы ақпараттарға толы сайт қыламыз.