Компьютердің пернетақтасында ''Scroll Lock және PrtSc/SysRq'' осы пернелер қандай қызмет атқарады?

+1 дауыс
749 қаралым
Компьютер жөндеу

1 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
PrtSc/SysRq-бұл батырма компьютер экранынан скриншот алу үшін қолданылады. Қалаған бетіміздің сурет көшірмесін алу үшін, сол бетте тұрып осы пернені басамыз және Paint редакторына кіріп Вставить командасын орындаймыз, сосын суретті сақтаймыз.
Scroll lock пернесі (орыс. Клавиша Scroll Lock; ағылш. Scroll Lock key) — пернетақтаның жоғарғы қатардағы қызметтік пернелердің оң жақ шетінде орналасқан экранды айналдыруды болдырмау (Scroll Lock) пернесі. Бұл перне жұмысы программамен анықталады. Мысалы, Scroll Lock пернесі басылып, жарықша шам жанып түрғанда, бағыттауыш жебелік пернелерді басу — меңзерді тұрақтандырып, мәтін жолдарын жылжытады. wiki мәліметі.
Scroll Lock пернесінің жұмысын MS Excel, программасында байқап көруге болады.
Бұл пернелер кей програмаларда басқа жұмысқа программаланалады.
127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы