0 дауыс
678 көрілді
Қайырлы кеш Баршаға! Осы кейбір факультеттерге түсу үшін 1-ші,2-ші шығармашылық емтихан дейді,осыған жауап берсеңіздер?

2 жауап

+1 дауыс
Ия! дұрыс айтасыз !ол көбінше әдеби яки өнер не болмаса  спорт жанрына қатысты айтылған! Мәселен ән айту,би билеу,сурет салу,шығарма жазу,арнайы межені жүгіріп өту,т,б,
0 дауыс

Журналистика және дипломатия пәнінен емтихан сұрақтары

Жай сұрақтар

1. Халықаралық қарым-қатынас жүйесінде интернеттің рөліне тоқталыңыз.

2. Халықаралық мәдени байланыстардың рөліне сипаттама беріңіз

3.  Шет ел инвестицияларының елдерді жақындастырудағы маңызына түсінік беріңіз  

4. Қазақстандағы  ұлттар достығына сараптама жасаңыз

5. «Диаспора» сөзіне түсініктеме  беріңіз

Диаспора-(шашыраңқы)-әлеуметтик ғылымдарда ұлттық ата жұртыболып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігіДиаспора күштеп көшірудің экономикалық және географиялық  факторлардың салдарынан пайда болады.Диаспора термині алғаш рет еврейлердің палестинадан тысқары жерде тұруына қатысты әсіресе  олардың біздің заманымыздың 6ғ басында Вавилон патшасының одан соң б.з 1-2 ғғ римдердің қудалакына байланысты қоныс аударуынан пацда болған.Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этникалық тегі болып табылады да әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани байланыста болады. Диаспоралардың 5 түрі анықталған1туған жерінен қудалауға ұшыраған.күш қолдануынан туған мәжбүрлік2Отарлық көші қон салдарынан3Еңбек миграциясы4Кәсіби миграция сауда бизнес5Мәдени миграция.

6. Дипломатиялық хат-хабарлардың қандай түрлерiн бiлесiң? Дипломатиядағы ресми тiлдер деп қай тiлдердi атаймыз?

Дипломатиялық хат алысудың бiзге мәлiм мынадай үлгiлерi бар:

Нота Жеке нота Вербальды нота-Жазбаша мәлiмдеу, нотификация Жаднама жазба Жадығат,меморанд Дипломатиялық хат-хабарлармен қатар елшiлiктер арасында еркiн қатынайтын түрлi құжаттар да бар.Босату қағазы.-Виза –Мәлiмдеме (декларация) Хаттама –.Дипломатиялық хаттама -Сенiм грамоталары -Керi шақыру қағаздары Қарар.-Қорытынды актi Қорытынды хаттама –Мазмұндама (коммюнике).Процедура ережелерi –.Рұқсатнама (лицензия) – Шабарман (курьер) парағы Шарт , Шекаралық шарттар ,Экзекватура,Карт-бланш

8. ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы айтыңыз

1994 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесiнiң сессиясы одақ-республикалық сыртқы iстер Халық Комиссариатын құру туралы Заң қабылдады. Сыртқы iстер Халық Комиссары болып 4 тамыз күнi Төлеген Тәжiбаев тағайындалды. Ол белгiлi ғалым, Қазақстан ±А-ңың корр-мүшесi, профессор, ҚазМУ-дың ректоры болып қызмет атқарып жүрген-дi. Кейiн ол бес жылға жуық КСРО-ның БҰҰ Үндiстандағы елшiлiгiнiң кеңесшi өкiлi болып қызмет еттi. Т.Тәжiбаев 1950, 1956-1967 жылдары Бµµ Бас Ассамблеясының сессиясының жұмысына қатысқан тұңғыш қазақ ретiнде тарихта қалды. Бµµ-ның қамқорлық iстерiмен айналысатын комитетiнiң жұмысына белсене араласты. Он жылдан соң 1966-1970 жылдары Бµµ сессиясының жұмысына Қазақстан сыртқы iстер министрi Балжан Бөлтiрiкова араласты. Ол бұған дейiн халық ағарту министрлiгiн, әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгiн басқарған болатын. Республика Сыртқы iстер министрi қызметiн ол Министрлер Кеңесiнiң төрағасының орынбасары қызметiмен қоса атқарып жүрдi.

Сыртқы iстер министрi қызметiн тiкелей атқарған Мәлiк Сабырұлы Фазылов болды. Ол МГИМО-ны бiтiрген алғашқы қазақ болатын. Дипломатиялық карьерiн тiкелей Сыртқы iстер министрлiгiнде бастады. 1951-1956 жылдары бiрiншi хатшы, министр көмекшiсi қызметтерiн атқарды. 1973 жылы министр болып тағайындалды. Жаңа министр Министрлер Кеңесiнен жеке бөлiнiп шығып, арнайы дипломатиялық штаттарға ие болды. Консульдық және хаттамалық бөлiмдер ашты. Шет тiлiн меңгерген жастарды жұмысқа тарта бастады. Ол осы қызметте үш жылдай болды. 1976 жылы шетелге қызметке кеттi. Отставкiге кеткенше 14 жыл бойы КСРО-ның алдымен Малидағы, сосын Мароккодағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi болып қызмет атқарды.

Одан  соң Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгiн белгiлi ғалым-филолог М.Базарбаев басқарды. Бұл кезде республика Азия, Африка елдерiнен делегациялар қабылдаумен ғана шектелдi. Базарбаев бiр мәрте ғана қоғамдық делегация құрамында шет елге шыға алды.

7. Ұлтаралық қатынас мәселесін жазғанда журналистің сақ болатын тұстарын айтыңыз

9. Дипломатия тақырыбына қалам тербейтін журналистер қай мекемелерде қызмет істейтіні туралы жазыңыз

10. Қазақ дипломатиясының қазіргі тұрпаты туралы  жалпы шолу жасаңыз.

11. Мәмiлегерлiктiң негiзгi мiндетi не?

Мәмiлетану (дипломатия) – кенже дами бастаған жас ғылым болғандықтан, дәрiс барысында ең алдымен шетел және орыс дипломат-ғалымдарының еңбектерiне /1-9/, iс-тәжiрибелерiне сүйенуге тура келедi.

Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзгенге дейiн екi жарым ғасырдан аса уақыт бойы Ресей құрамында отарда болды. Бұл кезеңдегi Ресей тарихы – бiздiң де тарихымыз. Сондықтан да Ресейдiң (бұрыңғы Кеңес Одағының) дипломатия ғылымындағы жетiстiктерiн төл жетiстiгiмiз деп қабылдаудың еш сөкеттiгi жоқ деп ойлаймыз.

Осы тұрғыда қазақ дипломатиясының туу, қалыптасу, даму ерекшелiктерiн сөз ете отырып, оның күнделiктi мерзiмдi баспасөзде жарық көрiп жатқан мақалалар, хабарлар, сұхбаттар шеңберiндегi көрiнiс табу мүмкiндiктерiн теориялық және практикалық сабақтарда талдап, таразылау алда тұрған мiндет болмақ.

12. ТМД елдерінің дипломатиясы туралы түсінік беріңіз

ТМД елдері басшыларының 1995-1997 жқабылдаған шешімдері Ынтымақтастық елдерінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек сәйкес келдіТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық  қатынастар тәжірибесі интеграцияның жеке аймақтардан әртүрлі қарқынмен  басталып, біртіндеп басқа аймақтарға көшумен тиімді екендігін көрсеттіМәселен ең алдымен екілік «Ресей мен Беларус» одан кейін үштік «Орталық Азия мемлекеттер одағы»1998 ж тәжікстанның кіруімен төрттік одақ болып қай құрылды,Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықта әсіресе экономикалық байланыстар орнынының ерекше екендігін ескерсек мұның өзі маңызды мәселе екендігі сөзсіз,ТМД құрамына енетін елдер арасындағы әлеуметтік мәдени байланыстардың ұзақ таризы бар ежелден тарихи көрші болып келген елдер арасындағы байланыстар 70 жылдан астам тарихы бар кеңестік дәуірде одан әрі тереңдеген болатынКеңестер оадғы ыдыраған соң бұл байланыстардың барлығы да туындап отырған әлеуметтік экономикалық жағдайлар тұрғысынан қайта қаралды.

13. Қазақстандағы халықаралық басылымдар мен шет елдерге тарайтын радио туралы қысқаша сипаттама беріңіз.

«Дипломатия жаршысы» «Дипломатический курьер» журналы ҚР сыртқы істер министрлігінің жалғыз ресми баспа басылымы  болып табылады.ол елдің  сыртқы саяси қызметінің өзекті проблемалары мен өңірлік және жаһандық  қауіпсіздік мәселелеріне арналған .Аталған журнал ҚР шет елдермен бүкіл шарттық  құқық базасын жариялайтын Қазақстандағы жалғыз басылым,көркемделген түрлі түсті басылым.Мемлекет басшысының ,Сыртық істер министрлігінің сапарларының  сөйлеген сөзлері мен сұхбаттарын ,шет елдік елдер мен халықаралық ұйымдар басшыларының біздің елімізге жасалған сапарларын жазатын ресми бөлімдерден құалғанЖурнал беттерінде халықаралық өмірдің аса өзекті проблемларына қатысты жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың  саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлердің талдау мақалалары жарияланады.700 дана тиражбен шығарыла отырып ол Қазақстандағы 68  шетелдік елшіліктер мен  халықаралық ұйымдардың өкілдеріне  сондай ақ Қазақстанның  шетелдегі 138 елшілігі мен консулдықтарына таралады

2002 жылғы әлемдік радиостанциялар бойынша жасалған зерттеу бойынша тыңдалуы жағынан  «Қазақ радиосы» әлем бойынша Дания, Чехия, франция, Ресей, Италия, Португалия,қатарлы радио ең көп тыңдалатын алғашқы жеті орыннң 6шысында тұр

14. БҰҰ өкiлдiгiнде жұмыс iстеген кiмдер едi?

БҰҰ-екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО АҚШ Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық.Бас кеңсесінің орналасуы Нью-Йорк АҚШ БҰҰ 192 мемлекет кіреді БҰҰ атауын АҚШ президенті Д.Рузвельт ұсынды Декларациясы Сан-Франсискода 1945 ж 24 қазанда қабылданды

БҰҰ бас хатшылары Глэдвин Джебб-Ұлыбритания(Батыс еуропа),Трюгве Хальвдан Ли Норвегия(Батыс еуропа),Даг Хаммаршельд(Швеция батыс еуропа),У.Таан Бирма Азия,Курт валтхайм(Австрия батыс еуропа)Хавьер Перес де Куэльяр Перу Оңтұстік Америка,Бутрос  Гали Египет Аффрика, Кофи Аннан Гана Африка,Пан Ги Мун Оңтүстік корея(Азия)

15. Қазақстан-Түркия ынытымақтастығы

1991 жылдан бері Қазақстан мен Тұркия арасындағы қатынастар екі ел халқының тарихи және мәдени мұраларының ұқсастығы өзара сыйластық пен сенімділік ажуалы негізде тұрақты саяси сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық  салалардағы жан жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен ерекшеленеді,ҚР презденті Н.Ә.Назарбаевтың 2003ж мамырда Түркияға жасаған ресми сапары барысында  Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейге жеткені мәлімденсе 2004 ж  маусымдағы Стамбұлдағы НАТО.

2-орташа сұрақтар

1. Жаһандық ақпараттық жүйеге жалпы сипаттама беріңіз

Жаһандану –ғаламжану әлемдік ауқымдану,глобализация,әлемдік,дүниежүзілік саяси экономикалық мәдени және ақпараттық тұтастық  құрылуының үрдісі,»Ақпараттық қоғам», «Техникалық революция» «аөпараттық жарылыс», «ғаламдық ауыл», деген ұғымдар бар Аөпараттық төңкеріс-бұл проблемалардың жаһандық өлшемге ие болуына әсер етті .Ақпараттық коммуникациялық Жаһандану –қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.Оған коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану,жаһандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің  технологиясы.Ғаламдық ақпарттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі.Ғаламдық ақпартаттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын ақпараттық қоғам дамыпқызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зорү.Интернетті қолданушылар  өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады баспасөз сайттарын,радио,теледидар, электронды пошта  электрондық коммерция телеконференциялар  хабарландырулар тақтасын  жаңалықтар топтамасын чаттарды және көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.

2 . Халықаралық тақырыптарға қатысты сұхбат туралы түсінігіңізді жазыңыз

3.  БҰҰ қызметіне тоқталыңыз.

БҰҰ-екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО АҚШ Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық.Бас кеңсесінің орналасуы Нью-Йорк АҚШ БҰҰ 192 мемлекет кіреді БҰҰ атауын АҚШ президенті Д.Рузвельт ұсынды Декларациясы Сан-Франсискода 1945 ж 24 қазанда қабылданды

БҰҰ бірегей халықраралық ұйым болып табыладыОның негізін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға арасндағы достастық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреесске көмек көрсетуге өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты  жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады

Қызметі-Бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау.-ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту,-халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау-осы мақстиарға қол жеткізуде  ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу,БҰҰ өзінің көпқыры функцияларын қосқанда  әлемдік қауымдастық  қызметінің барлық дерліктей  салаларын қамтиды  Оның өзектілігі әсіресе өсіп келе жаьқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекеттердің  халықаралық бейбітшілік пен  қауіпсіздікті қамтамасыз етуде  күш жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақатығыстары шешуде рөлі өте зор.

4.  Шет мемлекетерде өткен шаралар туралы жазылған есеп қандай болуы керектігін жазыңыз

5. «Шет елдердегі отандастарымыз» деген  ұғымға түсініктеме беріңіз

Шетелдегі отандастар қаны бір қазақтардың шет елдердеги диоспаралары.Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспораларының жағдайы,тағдыры,һмір тіршілігі,оладың тарихи отанына оралмандар болып келуі һте маңызды  40 тан астам елдерде 4.5 млн қазақ тұратындығы аян.1996 ж желтоқсанда  «Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.1991 жылдан 2000 ж дейінгі кезеңде Қазақстанға жалпы саны 176 мың адам болатын 41 мың отбасы оралды,оның ішінде63.5 мың-Моңғолиядан 4.8 Ираннан,2.4 мың Түркиядан ТМД елдерінен 103 мың адам болды

6. Шет елдердегі ұлтаралық қақтығыстар  туралы мақала қандай болуы керектігіне түсінікді беріңіз

7. « Елші» деген лауазым хақында баяндаңыз

Елшi – сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлерiне берiлетiн жоғарғы дипломатиялық дәреже. Оның толық ресми атауы – Төтенше және Өкiлеттi Елшi.

Елшi атауы 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында бекiтiлген.

1815 жылғы Веналық регламент өзге сыныпты дипломатиялық өкiлдiктерден елшiнiң өкiлдеушi сипат ерекшелiгiн мойындады. Ал қазiргi халықаралық құқық дипломатиялық өкiлдiктердiң басшылары мен өзге де сыныпты дипломатиялық өкiлдiктердi басқаратын елшiлердiң арасында құқықтық айырмашылықты мойындамайды.

²Елшi – екi ел арасындағы көпiр десек, артық теңеу емес, - дейдi белгiлi дипломат Сағынбек Тұрсынов. - Өйткенi екi елдiң қарым-қатынасы осы елшiлiк арқылы өтедi. Елшi өз мiндетiн мүлтiксiз орындауы үшiн екi елдегi жағдайға жетiк болғаны абзал. Талап осындай. Сондықтан, жатпай-тұрмай iздену, оқу, көру, тiлдесу, түртiп алу сияқты зерделiк қабiлет керек² /11, 207-б./.

8. Елшіліктерде жиі өтіп тұратын дөңгелек үстел басындағы әңгіменің ерекшелігін жазыңыз

Келiссөз үстiнде үстелдiң формасының әрқилы болуының да психологиялық маңызы бар. Мәселен, дөңгелек үстел анағұрлым еркiн атмосфера қалыптастырады. Ол бiрлесе жұмыс iстеуге ыңғайлы. Дегенмен, ол үстел басында отырғандардың дәрежелерiн белгiлей алмайды.

Шаршы үстел қарсыластық атмосфера қалыптастырады. Ол қысқа кездесулерге ыңғайлы.

Келiссөзден соң келiсiмге қатысушылар әңгiменiң толық стенограммасын жазады. Онда мынадай мәлiметтер қамтылады: елдiң аты; келiсiм орны, мерзiмi, уақыты; екi жақтың келiсiмге қатысушылар тiзiмi; негiзгi қаралған мәселелер; екi жақтың талқыланған мәселелер бойынша пiкiрлерi, келiспеушiлiктерi.

Әңгiмелесу жазбасы сол күнi немесе ертесiне ұзатпай толтырылады.

Кейде екi жақ өзара кездеспей-ақ, телефон арқылы ресми сөйлесе алады. Сол бойынша тиiстi құжаттар түзiледi.

9. Дипломатияда журналистiң қызметi не?

10. Дипломатиядағы сөйлеу мәдениетiн қалай түрлендiруге болады?

Дипломатиядағы сөздiң құдiретi әсiресе келiссөздер жүргiзу үстiнде айқын байқалады әрi маңыздылығы арта түседi. Келiссөз барысында елшi дәл сәтiнде сөйлемесе, барлық мүмкiндiктен айрылып қалуы мүмкiн. Кейде бiр ғана сөз бүкiл келiсiм тағдырын шешiп кететiн сәттер аз кездеспейдi. Керiсiнше, сөз дұрыс айтылмай, орнымен қолданылмай, қаншалық қиянат әкелетiнi дипломатия тарихынан белгiлi. Оның арты халықаралық дау-дамай туғызып та жатады, Жалпы, елшiнiң мойнына ел тағдыры, тұрғындардың тiршiлiгi жүктелген. Егер елшi марғау, самарқау болса, онда екi елдiң байланысы соған сәйкес немкеттi болады. Елдердi жақындастыруда елшiнiң жеке басының бiлiмi, iзденгiштiгi, тапқырлығы, байсалдылығы, алғырлығы, адамгершiлiгi көп рөл атқарады. Елдiң келбетi елшiнiң жүрiс-тұрысынан танылады. Сырттағы жұрт Қазақстанды келiп, көзбен  көрмегендiктен, елшiге қарап тон пiше салуы мүмкiн. Елшi iскер, алғыр тұлға болса, өз бастамасымен екi ел арасында iскерлiк байланыстар орнатуға көмектессе, оның пайдасы бүкiл тұрғындарға тиедi.

Ал, елшiнiң ойы түзу болмаса, табыстыруды емес, шабыстыруды көздесе, оның ²мәмiлегерлiгiнiң² кесiрi екi ел арасындағы байланысқа салқынын тигiзедi. Алауыздық туғызады. Сондықтан, елшi мойнына арттағы елдiң тағдыры жүктелгенiн ешқашан ұмытуға болмайды.

11. Дипломатиялық хат-хабарлардың қандай түрлерiн бiлесiң?

Дипломатиялық құжаттар әрқилы болып келедi. Оның елеулi бөлiгiн елшiлiктiң өз iшiндегi ведомствоiшiлiк маңыздағы құжаттар құрайды. Ал қалған құжаттар түрлi келiсiмдер, кездесулер, мәжiлiстер барысында үстел үстiнде не сол келiссөздерге әзiрлiк барысында туады. Тағы бiр құжаттар бөлiгiн елшiлер ²ауызша жолдаулар² деп атайды. Мұндай құжаттар ауызша оқылады да, тiкелей адресатқа жолданбайды. Мемлекеттiң мақсат-мiндеттерiн айқындайтын дипломатиялық қызметтiң бiр бөлiгiн дипломатиялық хат алысулар құрайды. Дипломатиялық хат-хабар жазысу дипломатиялық сипаттағы алуан түрлi ресми хат-хабарлар мен құжаттамалардың жиынтығы, мемлекеттiң сыртқы саяси және дипломатиялық қызметiнiң негiзгi нысандарының бiрi болып табылады. Ресми корреспонденциялар шартты түрде екi топқа жiктеледi:

а) түрлi елдердегi мемлекет басшылары арасындағы ресми хат алысулар;

б) түрлi елшiлiктермен арада жүретiн жартылай ресми мазмұндағы хат алысулар. Дипломатиялық хат алысудың бiзге мәлiм мынадай үлгiлерi бар:Нота – халықаралық шарттар жасасу құжаттарының бiрi. Ол мемлекеттер арасында келiсiмдер жасасу, дипломатиялық қатынастар орнату, дипломатиялық миссияны елшiлiк етiп қайта құру кездерiнде пайдаланылады.Жеке нота – елшiнiң өз атынан жазатын жеке хаты. Жеке нота оған қол қоюшының атынан бiрiншi жақта түзiледi. Мөр қойылмайды. Нотаның басқы сөйлемдерi жолданушы адамға қаратыла айтылған арнау түрiнде басталады да, соңы қалыптасқан жаттанды фраза түрiнде ризашылық сезiмiн бiлдiрген сөйлемдермен аяқталады. Жазбаша мәлiмдеу, нотификация – дипломатия және шарт жасасу практикасында кең таралған ресми мәлiмдеме. Ол дипломатиялық нота немесе басқа құжаттар тапсыру жолымен жүргiзiледi.Жаднама жазба (памятная записка) – дипломатиялық хат-хабар құжаттарының бiр түрi. Оның қолма-қол тапсырылатын және шабарман (курьер) арқылы жiберiлетiн екi түрi бар. Жаднама кейбiр iстердiң дұрыс бағыт алуына, қателiктерге ұрынбауына жәрдемдеседi.

Жадығат, меморандум – дипломатиялық нотаға қосымша әзiрленетiн құжат түрi. Нотамен қоса жолданатын жадығат нота қағазына басылады. Ол кейде жеке де әзiрлене бередi. Баспасөзде жиi жарияланатын құжат түрi, мiне, осы жадығат.

12. Қазақстанның сыртқы саясаты және баспасөз тақырыбын ашыңыз.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдікті сақтауға ұмтылысымен прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа  бағытталғанымен ерекшеленеді.Халықаралық ареада мемлекетіміз өзінің тарихи геосаясаттық  және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртықы саясатын халықаралық ынтымақтастық көршілес мемлекеттермен татуластық  және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принціпіне негіздеп жүргізіп келеді ,Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым қатынас құруға дайындығы  оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.1991 ж  тәуелсіздік алғаннан бері  алемнің 130мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатқан,Көптеген себептерге байланысты Орталық азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.Бүгінгі күні Қазақстандық сыртықы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей,Қытай,АҚШ орталық Азия аймағындағы көршіле мемлекеттермен ислам әлемімен тең құқылы қарым қатынас құруға бағытталып отыр

13. Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысы туралы журналистер жазған мақалаларға шолу жасаңыз.

14. Дипломатиялық  миссияның бастауы  қай дәуірден басталады?

Дипломатияның алғашқы белгiлерi сонау құлиеленушiлiк қоғамда, б.д.д. 2 мың жыл бұрын ежелгi Қытайда, Үндiстанда, Египетте, Урарту мемлекетiнде пайда бола бастаған.

Ежелгi Шығыс тарихында бiздiң қызығушылығымызды тудыратын түрлi құжаттар – дипломатиялық хаттар, келiсiмдер мен ежелгi шығыс хандықтарымен арадағы қатынастарды айғақтайтын халықаралық актiлер сақталған. Б.д.д. III мыңжылдықтың өзiнде египет патшалары көршiлес елдермен дипломатиялық қатынас орнатуға ұмтылған. Египеттiктер Қызыл теңiздiң оң жағалауындағы Пунт елiне елшiлiк экспедициялар ұйымдастырған. Қазiр балшықтағы жазбалар арқылы осы сапарлардың кейбiр деректерi нақты белгiлi болуда. Ассирия патшасы Ашурбанипалдың да (б.д.д. 668-626 жж.) елшiлiк саясаткерлiгi Вавилон жазбалары арқылы бiзге жетiп отыр.

Сонымен қатар ежелгi Үндiстандағы (б.д.д. I мыңжылдық) Ману заңдары философиялық маңыздылығымен ерекшеленедi. Онда елшiлердi таңдауда мемлекет басшысына қажеттi бiрқатар өсиет-ережелер айтылған.

Дипломатия ертедегi Грецияның (б.д.д. ХII-VIII мыңжылдық) провинцияларынан шет елдерге жiберiлетiн ресми адамдардың уәкiлдiгiн көрсететiн сенiм грамотасы - ²diplome² деген бүктемелi тақтайшаның атынан шыққан. Ал Батыс Еуропадағы мемлекеттiң сыртқы саясат саласындағы дипломатиялық әрекеттерi ХV-ХVII ғасырларда пайда болды.

15. Даулы мәселенi шешуде дипломатқа қандай мiндеттер жүктеледi?

Тарихтан белгiлi, екi ел арасындағы соғыс, жалпы алғанда, болмашы нәрседен туған. Испан тағына кездейсоқ Пруссиядағы Гогенцоллерн әулетi отыра қалады. Наполеонға бұл ұнамайды да, Франция саяси жанжал тудырады. Пруссияда да, Испанияда да бiр әулеттiң тақта отыруы қалай деп байбалам салады.

Дау-дамайдан еш нәтиже бола қоймаған соң, Наполеон Берлиндегi француз елшiсi арқылы Пруссияның испан тағынан бас тартуы тиiс екендiгiн ескертедi. Вильгелм I француздардың бұл өтiнiшiн орындайды. Берлиннiң бұлайша оңай берiле салуы Наполеонды оншалық қанағаттандыра қоймайды. Оған қайткенде де Пруссиямен соғыс қажет болды. Ендi Пруссиядағы француз елшiсiне мынадай тапсырма бередi: “Вильгелм I-ге қайтадан барып, оның мәдениетсiз екенiн айт, ешуақытта испан тағына жоламайтынына уәде беруiн талап ет”, - дейдi. Мұндай ауыр сөз күтпеген Вильгелм I қатты ашуланып қалады әрi өтiнiшiн ендi қанағаттандыра алмайтынын айтады. Мiне, уосылайша елшiнiң тәжiрибесiздiгiнен бiр ауыз сөзбен арада от тұтанады. Сондықтан да елшіге әр бір айтқан сөзіне сақ болуы жөн.

3-күрделі сұрақтар

1. Дипломатиядағы журналистикаға қысқаша шолу жасаңыз

Араға сан ғасыр салып, құдай басқа түсiрген талай сыннан, жарым-жартылай қырылса да, аман шыққан Қазақ елi өз егемендiгiн айдай әлемге жария еткен соң, басқа мемлекеттермен тең дәрежеде сөйлесу, барыс-келiс жасау мүмкiндiгiн алды. Бұйырып тұрған тәуелсiздiкке мәңгi ие болуына, сол тәуелсiздiктi баянды етуге түрлi елдердегi елшiлермен қатар журналистер де атсалысуда.

Шет мемлекеттердегi дипломатиялық қызметтiң қыры мен сыры туралы қызғылықты әңгiме шерту, екi ел арасына ортақ мәмiлелiк құжаттармен, ресми iс-қағаздармен таныстыру – сол журналистердiң үлесiндегi мiндет болса керек. Елшiлiкте қызмет iстеу бүгiнгi күннiң ғана жұмысы емес. Қазақстан тәуелсiздiгi мызғымайтын болса, бiздiң шет елдердегi өкiлдiктерiмiз де мызғымай, ел мүддесi үшiн қызмет етедi. Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын жүргiзiп, басқа елдер алдындағы еңсесiн көтерiп, көк байрақты желбiретiп тұратын елшiлiктерге алдағы уақытта елшiлер, кеңесшiлер, журналистер керек болады.

Шет елдердiң беделдi орталықтары, банкiлерi, түрлi мемлекеттiк немесе қоғамдық ұйымдары, баспасөзi басқа елдердегi экономикалық iлгерiлеу мен кейiндеудi дер кезiнде бағалайды. Соған орай үкiмет тарапынан тиiстi шаралар қабылдайды.

Дипломатияның баспасөзбен байланысы не дегенде, мiне, осы тұрғыда талдап-таразылаған жөн. Себебi журналистиканың өзiндiк құқықтары да халықаралық қатынас пен халықаралық құқықтың еншiлес салаларының бiрi болып табылады.

2. Қазақстанда дипломатиядағы журналистиканың қалыптасуы туралы баяндаңыз

3. Дипломатиядағы журналистиканың проблемалары туралы жазыңыз

4. Орыс мемлекетінің сыртқы саясатының негізгі бағыттары БАҚ-тарда қалай жазылғанын баяндаңыз

5. ТМД елдерi арасындағы ынтымақтастық қай деңгейде дамыды?

ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуымен өндіріс өнімдерінің кенет  төмендеуімен

Ең алдымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысты саясатқа айрықша мән берiлдi. Бұл тұрғыда Қазақстан – Ресей қарым-қатынастарын бөлiп айтқан жөн. 1998 жылғы 6-шiлдеде Мәскеуде қол қойылған ХХI ғасырға бағдарланған мәңгi достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияның екi ел үшiн тарихи маңызы зор. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi шешiлдi. 10 жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы жасалып, қаржы мәселелерiн реттеу туралы келiсiмге келдi. Бүгiнгi күнге дейiн Қазақстан мен Ресей арасында 200-ден аса маңызды құжаттарға қол қойылды.

Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастыққа қанағаттанарлық бiлдiру үшiн бiзде барлық негiз бар. Олармен мәңгi достық туралы шарттарға қол қойылды. Екi жақты салық салудан бас тарту, электр энергиясын пайдалану, еркiн сауданы дамыту, өзара инвестицияны қолдау туралы келiсiмдер ратификацияланды. Украинамен, Кавказ мемлекеттерiмен, Белорусьпен, Молдовамен саяси және экономикалық ынтымақтастыққа үлкен үмiт артылуда. Бұл мемлекеттермен арада көптеген құжаттарға қол қойылып, өзара ынтымақтастық еркiн дамуда, Моңғолия үкiметiмен екi жақты қарым-қатынастардың түрлi салаларында да тұрақты жұмыс байқалады.Сыртқы саясатта Түркия мен Иран сияқты мемлекеттерге маңызды мән берiлуде. Әсiресе, Түркиямен әрi саяси, әрi экономикалық байланыс нығая түстi. Бұл елмен энергоресурстарымызды тасымалдау саласында белсендi жұмыстар жүргiзiлуде.

Сауд Арабиясы Астана қаласын көркейтуге шектеусiз көмек көрсету үстiнде.

6.  Қазақстанда антиядролық қозғалыстың басталуы және оның әлемдегі саяси ахуалды жақсартуға ықпалы туралы жазыңыз

7.  Бірқатар елдердің Ауғанстан мәселесіндегі саясаттары мен олардың журналистердің еңбектерінде қалай көрініс тапқанын жазыңыз

Ауғанстандағы проблемаға байланысты оның туындау себептері мен барысын Е.Пастухов,С.Акимбеков,Б.Абдуллин зерттеу жұмыстарын жүргізген.С.Акимбековтың «ВечныйАфгански вопрос » атты мақаласында Ауғаныстандағы діни ұйымдардың туындауы мен елде артта қалған әлеуметтік-экономикалық  жағдайы жөнінде құнды материялдар келтірген.Е.Пастухов «Суровые будни святой земли» атты мақаласында Ясер Арафаттың қайтыс болғаннан кейін Таяу Шығыс пен Ауғаныстандағы даму стратегиясы  жөнінде және елдің әлеуметтік-экономикалық  және саяси дамуы не болмақ деген сұрақтарға жауап іздеуде

8.  АҚШ-тың сыртқы саясаты дипломат журналистердің мақалаларында қалай жазылғаны туралы баяндаңыз

Ақш соңғы он жылдықта көптеген жетістіктерге қол жеткізді 90 жылдардың басында ДЖ Буш әкімшілігі «Жаңа әлемдік» реттеулер ұстанымын қуаттандырып  Кувейтке соғыс ашқанИракқа қарсы батыс елдер коалициясын құрып жеңіске қол жеткізді.1998 ж Үндістан мен Пәкістанның ядролық қаруды сынақтан өткізуі сол жылдары Иран мен Солтұстік Кореяның орта ұзақтағы ракеталарды сынақтан өткізуі Бил Клитон үкіметін қатты толғандырды.АҚШтың сыртықы саясатына байланысты  статистикалық есептеулер бойынша 1946 ж 1 қаңтарында 1975 ж31 желтоқсанға дейінгі кезеңде АҚШ дүниежүзілік аренада өз мақсаттарына жету үшін 215 рет әскери күшті пайдалануға  күш көрсетуге немесе  онымен қоқан-лоққы жасауға  барған,АҚШтың  Ауғаныстан және Ирак мәселелеріне интернет және саяси басылымдарда құнды материялдар басылуда. «Время новостей» газетінде шыққан мақалада  АҚШ тың Ауғанстан еліне жүргізген агрессиялық саясатына сын көзбен баға берген

9.  Дипломатия туралы ұғымыңызды жазыңыз.

Дипломатия – мемлекеттiң сыртқы саясатын жүргiзу тәсiлi, яғни, ол әскери емес тәжiрибелiк iс-шаралардың жиынтығы, белгiлi бiр мәселелердi шешуге арналған қабылдаулар м(ен әдiстер; шет елдегi мемлекет және үкiмет басшыларының, сыртқы iстер министрлерiнiң, сыртқы iстер ведомстволарының, дипломатиялық өкiлдiктердiң ресми қызметi; мемлекеттiң сыртқы саяси мәселелерiн және мақсаттарын жүзеге асырушы халықаралық конференциялардағы делегациялар, сонымен қатар мемлекеттiң шет елдегi азаматтарының және мекемелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау қызметi.

Дипломатия ұғымын халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, тереңдету, халықаралық қақтығыстарды болдырмау, реттеу мақсатында жүргiзiлетiн келiссөздер өнерiмен де байланыстырады.

Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің жұмысы туралы хабарлар қалай жазылатыны туралы баяндаңыз

2 маусымда Ұлан батыр қаласында Қазақстанның маңғолиядағы елшісі Қалыбек Қобыландин және Ресей феерациясының монголияд елшісі Искандер Азизов 29 мамырда Астанада өткен Еуразиялық Экономикалық Одақ шартына қол қою рәсіміне арналған  бірлескен брифинг өткіздіДипломатиялық қызмет органдарында бiр-бiрiне тiкелей қызметтiк бағыныстағы жақын туыстардың бiрге жұмыс iстеуiағыне жол берiлмейдi.

Шетелдегi дипломатиялық қызметтi қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты мен консулдық алымдар есебiнен жүзеге асырылады. Консулдық алымдар – атқарылған консулдық қызметтер үшiн, төлқұжаттар бергенi үшiн немесе олардың қолданыс мерзiмiн ұзартқаны үшiн, визалар бергенi үшiн алынатын ақылар.Шетелдегi дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мен олардың отбасылары медициналық қызметпен, көлiкпен, баспанамен қамтамасыз етiледi.

11. Дипломатиядағы журналистердің мақаларындағы деректер қандай болуы керектігі жайындағы түсінігіңізді баяндаңыз

12. Дипломаттармен қоян-қолтық жұмыс істейтін журналистердің  халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі (1946-1951) қызметін баяндаңыз

1946ж-1951 ж  республикада болат прокаты  қара және түсті металлургия тау-кен өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген  кедергілер кездестіМысалы ауыл шаруашылығына техниканың жетіспеуі  жұмыс күшінің аздығы әміршіл әкімшіл жүйенің ықпалыПартияның жаңа қаулысына сәйкес  савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды.

13. Журналистердің КСРО-ның «Бейбіт қатар өмір сүру» саясаты кезіндегі қызметіне баға беріп сипаттаңыз

КСРО-мен жарияланған бейбіт қатар өмір сүрупринцпі кеңес басшыларымен дәйексіз жүргізілді.Бұл принцп кеңес экспанциясын кеңейту үшін жасырушы болды.Кеңес одағы әскери майдандасуды жалғастырды.Ядролық қауласуда бұл саясат 60 ж басында халықаралық қатынастағы  шиеленіске келді ол ядролық соғыспен аяқтала жаздады

14. Дипломатиялық журналистикада жиі кездесетін жанрларға   тоқталыңыз

15. Ақпараттық қауіпсіздік туралы жазыңыз.

Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың  сондай ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері  қорғалуының жай-күйі.Ақпаратты қорғау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешеніТәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп  деректерді енгізу,сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын  ақпарат пен қорлардың тұтастығын қол жеткізулік  оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қодауды түсінеді,Қауіпсіздік саясаты-мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар ережелер және тәртіп нормаларының жиыны.бұл ережелер және тәртіп нормаларының жиыны.Бұл ережелерді пайдаланушының  қайсы кезде белгілі бір деректер  жинағымен жұмыс істей алатынын  көрсетеді,Қауіпсіздік саясатын  құрамына мүмкін болатын  қауіптерге таладу жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін  қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.Ақпаратты жіберетін  жасырын арналарға бақылау  жүргізе отырып  барлық субьектілерге қолданылатын  дичкрециялық және  мандатты қатынауды  басқаруды ескертетін формальды анықталған және нақты құжатталған  қауіпсіздік моделі

 

...