Менің де досым кезінде бүкірейіп жүретін болған екен. Кейін бір қызбен көңілі жарасып, кездесіп жүреді екен. Бірге жүрген кезінде жігіт бүкірейіп жүрсе қызы бүкіреймей еңсеңді көтеріп тік жүр деп арқасынан түйіп қалады екен. Мақұл деп тік жүреді екен, сәлден соң ұмытып кетіп қайтадан бүкірейсе тағы да қызы бір түйіп қалатын көрінеді. Осылай күнде жалғаса беріпті, сол қыздың арқасында жігіт бүкіреюді қойып, тік жүруге қалыптасып кетіпті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Тік жүруді өзіңіз үнемі ойлап жүріңіз, жадыңыздан еш шығармаңыз, кемінде жарты сағат сайын тік жүру жайлы ойлаңыз, сонда ғана тік жүріп қалыптасасыз.