0 дауыс
1.3k көрілді
Түсіңде көрген жағдайды кімге айтқан дұрыс? Әлде ешкімге айтпаған жөнбе?сосын түсімді ұмытып қалсам бұл жақсыма жаманба?

2 жауап

0 дауыс
Негізі адам түсін өзінің жақсы көретін адамына(анасына, әкесіне) айтқаны дұрыс дейді. Және ол түсті жақсы іске жору керек. Адам түсін ұмытып қалса еш нарсе қылмайды.
0 дауыс
Түсті жори алатын адамға айтқан дұрыс деп ойлаймын. Шынайы аян түс болса, жоруына қарай орындалады. Ібіліс көрсететін түстер есте сақталмайды. Демек жорудың да қажеті жоқ.л арасында түс жору туралы әңгімелер көп қой. Соның бірін айта кетейін. Ертеде бір хан сұмдық түс көріпті. Түс жорушыны шақырып жорытыпты. Сонда түс жорушы: - Туған-туыстарыңның барлығы қырылып, жалғыз қаласың,- депті. Хан ашуына мініп, түс жорушыны зынданға тастатқызып, уәзірлеріне басқа түс жорушыны табуға бұйырады. Уәізрлері ауыл шетіндегі қарт түс жорушыны ертіп келеді. Хан түсін қартқа айтады. Сонда қарт ойланып отырып: -Хан ием, бұл жақсы түс екен. Ғұмырың ұзақ болады,- дейді. Хан ырза болып қартқа ат басындай алтын беріп шығарып салады. Уәзірлері аң-таң болып қартқа бірінші түс жорушы туралы айтып береді. Сонда қарт: - Негізі екеуміздің жорығанымыз бір түс. Бірақ мен жақсылыққа жорыдым-депті. Р.С. Қандай түс болса да жақсылыққа жорыған дұрыс. Түс- адамзат толық танып білмеген Аллаһтың құдіретінің бірі.
...