Құрметті Президент мырза! Мен зейнеткермін, 2-топтағы мүгедекпін, көп жылдар бойы

+1 дауыс
328 қаралым
Құрметті Президент мырза! Мен зейнеткермін, 2-топтағы мүгедекпін, көп жылдар бойы автотранспорт саласында абыройлы еңбек еткен жанмын.Өмірімде біреудің ала жібін атаған емеспін, адал бейнетіммен бала шағамды асырап, ешкімге алақанымды жаймай, ұл-қыздарымды тәрбиелеп,оқытып, мамандық әперіп, үйлі-жайлы еттім. Осыныма шүкіршілік етіп, бес уақыт «Жаратқанға» ғибадат-құлшылығымды жасап жатқан шағымда, әділетсіздікке тап болып, Сізден көмек сұрауға мәжбүр болып отырған жайым бар.
          Ұлым Құдайбергенов Оңалбек Ерболұлы 1976 ж.т. , 2007 жылдан бері Шымкент қаласында тұрады. Келінім Қозыбаева Маржан екеуінің отасып, бірге тұрып жатқандарына 6-жылға аяқ басқан болатын, олардан бір немерем бар- Құдайбергенов Қожахмет Оңалбекұлы 27.03.2009 ж.туған. Осы жылдың 29.04.2012ж. өзім тұратын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы үйіме  Шымкенттен «Мұсабаев Сапарғали» деген жігіт өзін тергеушімін деп таныстырып, телефон шалып, ұлым Оңалбектің үстінен  келінім Қозыбаева Маржан мен қайын атасы Қозыбаев Мұхтардың арыз жазып, сол арыз бойынша қамауға алынғанын хабарлады. Содан мен, екеуінің арасындағы тұрмыстық ұрыс-керіс шығар, жарасып кетер деп, мән бермеп едім, оның үстіне тұрмыстық жағдайымызда көлденең шығынды көтермейтіндіктен  ақырын күтіп едім.  Кейін бейтаныс  адамдар тағы телефон соғып, ұлымның шын мәнінде абақтыда жатқанын айтты. Содан  мен дереу әйелім мен үлкен ұлымды  Шымкенке баламның жағдайын білуге жібердім. Сөйтсем,  келінім- Маржаға оның әке-шешесі  полицияға күштеп арыз жаздыртып,  өз үйін тонады, қайын атасы М.Қозыбаеты ұрып-соқты, өзінің бірге ерлі-зайыпты ретінде 2007 жылдан бері бірге тұрып келе жатқан келінім Маржанды зорлады-деп, қосымша келінімнің жақын туыстары , яғни анасы Ә. Тоқаева мен ағасы Қозыбаев Ержанның берген көрсетімдерімен полиция қызметкерлеріне қолдан  балам О.Құдайбергеновке қарсы материал жинаттырып, іс-қозғатып, қаматып, соттатқалы отыр..  Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің   полиция қызметкерлері  ұлым Оңалбекті ұрып-соғып, мәжбүрлеп,  өздерінің «подставной адвокатын алып,арызда көрсетілгендерді  заңсыз мойындатуға әрекеттенген, бірақ Оңалбек қолдан жасалып отырған қылмысты әлі күнге дейін мойындамай, болған оқиғаның шындығын айтып, шырылдап отыр. Полиция қызметкерлерінің және облпрокуратура қызметкерінің осы заңсыз іс-әрекеттері жөнінде Қаржы полициясының бастығы Р.Түсіпбековке(блогына жібердім) және Бас Прокурор А.Дауылбаевқа арыздандым, бірақ олардан ешқандай жауап болған жоқ.  Сонда қарапайым халық қайда барып күн кешіп, қайда барып  әділдік іздеуіміз керек, Заң неге бұрмаланады, «Шымкентте» заң неге кейбір «ашасы көп адамдардың» пайдасына жұмыс істеп,  қарапайым адамдар зәбір көруі тиіс.Біздің таныстарымыз жақында Маржанның шешесі- Әлиманың: «Мен қызым Маржанды жек көретін күйеу бала-Оңалбектен ажыратып,құтылатын болдым, арыз жазып, полицияға, прокурорға және сотқа ақша бердім,  келісіп қойдым, сонымен ол сотталатын болды »-деп айтқанын естіген. Әлима бізбен құда-жекжат болғанымен бізді бұрыннан жек көруші еді, қызы Маржанның Оңалбекке тұрмысқа шыққанына әуелі бастан разы емес, өйткені біздің тұрмысымыз олардан әлдекайда төмен еді, құда-жекжат болып дұрыс қатынаса алмадық, қызының өзі сияқты байлардың баласына тұрмысқа шақпағанына өкпелі еді. Сол себепті баламды жазықсыздан жазықсыз соттатқалы отыр. 17.09.2012 ж. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты судья Ш.Бисенбиеваның қарауымен О.Құдайбергеноке қарсы қолдан жасалған істі  арызданушылардың жақын туыстарының жалған көрсетімдері негізінде қарап, шешім қабылдай алмай, әрі-сәрі күйге түсіп, үкім шығаруды бірнеше рет кейінге қалдырып, «Облсоттың апелляциялық сотымен келістім, іс бұзылмайтын болды» деп оның Маржанның адвокатына айтқанын сотқа қатысуға барған танысымыз естіп қалған, сөйтіп ұлым Оңалбекті 6,5 жылға заңсыз соттап отыр, Енді қарайтын апелляциялық соттың 1-инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырып,баламның жазықсыз сотталып кете ме деп қауіптеніп отырған жайым бар.  Осы жоғарыдағы көрсетілгендердің негізінде төмендегі жағдайларды тексеріп заңды шара қолдануды өтінемін:
1)Бұдан бұрын Қаржы полициясының бастығы Р.Түсіпбековке және Бас Прокурор А.Дауылбаевқа жазған арыздарымды қайта көтертіп, «НұрОтан» ХДП-нің өкілдерінің қатысуымен тексертіп, кінәлілерді анықтап, қылмыстық жауаптылыққа тартуға.
 2) Ұлым О.Құдайбергеновке қарсы қолдан жасалған қылмысты  екінші инстанцияда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасының  қарауынан алып,басқа бейтарап апеляциялық сот алқасының  қатысуымен қарауды;
3)Арызды қадағалап, бақылап отыруды  «НұрОтан» ХДП-на тапсыруды сұраймын.
       Арызымды әділ қарап, заңды шешетіндігіңізге сенім білдіремін.
        
       Арыз иесі:                                              Құдайбергенов Ербол Қызылорда облысы Жаңақорған кенті Қорасан Ата көшесі № 46-үй тұрғыны
Заң

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы