Маған өрт және алдын алу туралы презентация керек еді, қайдан алуға болады?

0 дауыс
3.8k қаралым
• Санаты: Мектеп

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады.  Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

-   жанған затқа оттың тікелей әсері;

-   сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

-   жану зонасында иісті газбен улану;

-   жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

-   құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы. [толық ақпарат][1]


  [1]: http://1referat.kz/obzh/ort-qauipsizdigi.html

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
+3 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
8.10.2020 • Санаты: Мамандық Белгісіз сұрақ қойды
127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы