Ешқандай Бан анау-мынау деген сөзді естімейтін болайын. Ия сайтты көпшілік қолданатын болғандықтан түрліше көзқарас болғаны дұрыс. Олсыз сайтың сайт емес. Ия сайттың қолданушылары мені жақтайтыны рас Айсұлу. Себебі менің оларға деген сыйластығым ерекше. Тиісінше сізге деген де сыйластығым ерекше. Сіз де бір қозқарас айтасыз. Оның өзі сын. Сын түзелмей мін түзелмейді. Мен компьютерде отырып келе жатқаныма біроаз жыл болып қапты. Алғаш компьютерге 8 сынып оқып жүргеннен алі айырылыспай келемін.Сайттың қолданушылары маған жағымпаздану үшін менің сөзімді сөйлеп отырған жоқ, олар менің кішкене болса да оларға көмек қолымды ұсынып, қолымнан келгенше көмегімді аятайтынымды біледі. Мен де пендемін мен де шаршаймын. Кейде өзім істеген тұңғыш балам сияқты болып кеткен СЖ сайтын көргім де келмей кетеді, көп уақытымды осыған сарп етіп жатырмын. Шаршаймын, кейде кейбір қолданушылардың іс әрекетіне қарап ызам келеді. Үлгере алмаймын. Осы орайда Модератор, редакторлардың еңбегі орасан зор. Мен жоқ кезде сайттың жыртығын жамап, сайтты ретке келтіріп отырады. Сайтта мен жауап беріп сұрақ қойғаннан бөлек сайттағы жасырып сұрақтарды сұрыптап, қажеттірін қайта ашу, қажет еместерін өшіру, сайттың техникалық жаңатыр, сырт келбеті әдемі етіп қолданушыларға жазулардың оңай оқылуын қамтамасыз етуді т.б. дұрыстарды істеп отыру, омен қоса әр қолданушылының шағымы бар, олардың көңілініне шығып отыру оразан зор нервті және күшті талап етеді. Өзімді өзім сабырға шақырып жылжып келемін. Қолымды бір сілтеп сайтты жауап кете салсам да болады, қолымнан келеді. Бірақ менің сайттан болашақта күтетін үмітім зор. Бір шетінен сайттың қолданушыларына пайдалы сайт, қажетті ақпаратты қалаған уақытта тауып ала-алатын ресурс, маған мені асырайтын табыс көзі, ал ақпарат іздеп келген қолданушыға ақпарат бере алатын, орысша сайттармен бәсекеге түсе алатын үлкен сайт қылу. Егер жақсы табыс көзі түсіп жатса, сұұрақтарға жақсы мамандар жауап беретін қалге және сайттың сырт келбетін ақылы түрде істеткізіп әдемі сайт істеу. Оған Құдай қаласа жетемін.
АЛ менің қателігіме келетін болсақ, сайтқа қарап отқаннан бөлек ай сайын 30 мың теңге алатын жұмыс орным бар. Бұл сайт маған қаражат көзін түсіріп отпағандықтан, басқа жұмыс істеуге тура келеді. Бұл сайтта үнемі отыра алмаймын. Бос уақытта осындамын. Келеген кезде кішкене болса да қапарт қалдырып, сауап жинауға тырысамын. Мен үшін ең қуанышты кез, ол менің жауабымды Жақсы Жауап деп таңдаған кезде. Мен келемін деп жылдам жазамын. Қолым әріптер тұрған түсты өздері іздеп кете береді. Бірақ мен жазып болған соң қайталап бір оқып отпаймын, тез арада жариялай саламын. Соның есебінен қатем көп, бірақ ол менің сауатсыз дегенімді білдірмейді. Қолыма қалам алып шығарма жазатын болсақ менің шығармамнна қате таба алмайтыныңыз анық.Себебі менің анам Қазақ тілі мен Әдебиеті пәні мұғалімі еді. Кезінде олимпиадаға оқушылар шығарма жазғанда, түнде отырып оқушыларының шығармасын маған көшірткізетін еді. Себебі менің почеркім адемі болатын, ол қазір әріптерім сәл бұзылып қисайтып ұрып кете беретінім. Сондықтан сіздің айтып жатқан ұсынысыңыз да қалыпты жағдай, түсінуге болады. Сіздің әр сұрақтарыңызға жауап бергім-ақ келеді. Бірақ менің уақытым тым тапшы, мен де шаршаймын. Сіз секілді сайт ашылғалы бері қаншама адам осылай ой айтқан. Сайтқа қатысты, маған қатысты сұрақтарды Сайтқа қатысты санаттардың алғашқы бөліктерін оқып шықсаңыз сайт қандай сатыдан өткен, қалай дамыды т.б. толық ақпаратты ала аласыз. Оның барлығын қайта жазып отыруға ерінемін шыны керек. Себебі мен де шаршаймын.
Сайттағы минустау, плюстау жағына келетін болсақ. Минус қойғанға өкпелеудің қажеті жоқ. Барлық қолданушыларға айтарым. Егер адамға жақпаса онда минус қойғанның еш ерсі жері жоқ. Қайта - қажет жерде шынымен де - қойылсын. + қойылсын деген жерде + қойылсын. Барлығыңыз қуып кеттің, сенікі минусталып кеткен деп қатты сөгудің қажеті жоқ. Тек ұнамаса минус қойып кете беріңізі. Көңіліңізден шықса + теріңізді аямаңыздар.
Айтқандай тіпті СЖ-да емес тіпті Айтабер сайтының өзі менің қатемді жөндей алмаған. Онда да мен қате-қате ұрып жазып кете беремін. )))
p.s. Тағы айтар ойларыңыз болса пікірде жаза беріңіздер. :)