Сайттың модераторлары, редакторлары, мамандары және белсенді қолданушыларына үндеу!

+22 дауыс
1.4k қаралым
Құрметті сайттың қолданушылары, сайттын Модераторлары, Редакторлары, Мамандары сіздерге сайттың Адмнінен үндеу.
Жаңа оқу жылы басталды. Сайтымызға ақпарат іздеп келген қолданушылар саны арта бастады. Тиісінше сұрақтар саны артып жатқандығы рас. Жауап дерк езінде алынып үлгере алмай жатыр, оны мйоындаймын. Бірақ ол сұраққа ерте ма кеш па жауап алынады. Оның актуалдығы жоғалып қалмайтыны анық. Сайтты қайта бір қолға алып сайтты бір жандандырып жіберсек деген үндеу. Қайта сайтқа келіп біраз 2-3 апта белсенді болып жаңадан келген қолданушыларға сайттың негізгі мақсатын, қалай жауап беру керектігін қалай дұрыс сұрақ қою керектігін үйретіп жіберсек. Бұл қолданушылар да жаңа буын қолданушылары.Сайтты жетік игеріп кете алмай жатқандығы байқалады. Соларға аға-апкелері ретінде бір бағыт бағдар көрсетіп сайтты жандандырып жіберсек деген ой. Сайттың қазіргі осындай дәрежеге жеткізеген сіздерсіздер. Сіздерсіз осы сайт бұндай биік шыңға шықпайтын еді. Тағы да сайтқа бір қолдау көрсетіп сайтта сапалы жауаптармен толықтырып, басқа деген санатқа кіріп өзімізге тиістісұрақтарды санатын дұрыс санатқа ауыстырып ретке келтірсек. себебі көп қолданушылар дұрыс санатын таңдамай Басқа деген санатты таңдай салады. Осы 2-3 аптада сайтта профилактикалық жұмыс жүргізсек, сұрақты өңдемей тек санатын дұрыс санатқа ауыстырып, және де күніне кішкене уақыттарыңызды бөліп қалай жауап беру керектігін көрсетіп жіберсек. Жауап бергенде де дұрыс жауап беруді ұқтыру керек. Себебі сайтты енді санына емес сапалыққа қарай өткізуіміз керек секілді. Жалпы Модератор, Редактор, Маман және белсенді баяғыдан келе жатқан қолданушыларға ұсынысым. АЛдын ала рахмет сіздерге! Мен де бүгіннен бастап сайтты қолға алып сіздермен қатар белсенді қолданушы болуға уаде беремін. Тым болмағанда 2-3 апта сайтты жандандырып жіберсек ары қарай жаңа буын жаңа қолданушылар алып кетеді.
• Санаты: Жалпы сұрақ

31 жауап

0 дауыс
қолымызда мүмкіндік болып тұрған кезде қарап отырсақ үят болар. Ербол мырза мынауыңыз бір жақсы ұсыныспен құптарлық үндеу екен, ендеше іске сәт!!!  бос уақытты СЖC-ға арнадым.
Белгісіз
0 дауыс
CЖС-на көптен бері кірмей кетіп едім,уақыттың тапшылығынан,айып етпессіздер...енді белсенді болуға тырысам.Мына бастаманы қолдаймын..
0 дауыс
Менде қарсы емеспін,Админ аға бұлай айтуыңыз өте орынды!Толықтай келісемін,қолдан келгенше көмекті аямаймын!
0 дауыс
Қолымыздан келгенше тырасамыз. Өңдейтін жерде өңдейміз, сынайтын жерде сынаймыз, нақты сұрақ қойып, дұрыс жауап беретін боламыз!
0 дауыс
Қателерді түзейтіп, жақсы жауап беріп жүруге тырысамын. Тек соңғы кезде қолым босамай жүргені... ҰБТ жақындап қалды, сонда да қатысып жүрермін қолымнан келгенше!!!
0 дауыс
"Ыстық" деген жоғарыдағы жазуды ауыстыру жөнінде жазғам, тағы қайталаймын: оның орнына "өзекті" не болмаса басқа балама тауып жазыңдар.
Балама іздемей-ақ Өзекті деген келеді. Бірақ бұл сөздің мағынасын көбісі ұға бермейді. СОндықтан басқа бала іздеп көрейік. Болмаса ыстық күйінде қалады.
"Ыстық" деген келмейді, орысшадан аударылған ба, осы жерде артық. Ал "өзекті" деген қазақша сөзді көбісі түсінбесе - мен білмедім.
0 дауыс
Компым бұзылып қалды.2-3 күн кірмей кеттім.Енді белсенді боламын.Сұрақты өңдеп,санатын ауыстыру мүмкіндігі менде жоқ.Бірақ сапалы жауап бере аламын.
Белгісіз
0 дауыс
Үндеу орынды. Жас буынға білгенімді айтып, сайттың жалпы бағыт-бағдар, мақсатын, ережесін нақтылап түсіндіріп, көмектесуге дайынмын, амиго !
+1 дауыс
Оқу жылы басталғалы бері сүйікті сайтыма мүлде кірмейтіндей болдым, үйде емеспін, интернетте қол жетімді емес.
Тырысамыз Админ, тырысамыз!
0 дауыс
Менің осы сайтқа тіркелгеніме көп болған жоқ. Бірақ қасымдағы сыныптастарыма осындай жақсы сайттың бар екенін айтып, үлесімді қосуға тырысудамын.
0 дауыс
Қолдан келгенше! Басқаларды білмейм мен сайттағы сұрақты өңдеп әлекпін, бір сұрақты өңдесең екінші үшінші сұрақтар бақырайып тұрады((( тек сұрақтар емес жауаптармен пікірлерде дәл солай(((....
+1 дауыс
Дұрыс! Әйтеуір бір қазақ осы істі бастауы керек, мың қазақ қолдайтыны сөзсіз! Жалпы, қазаққа қазақтан басқаның жаны ашымайды, соны ескерсек, еліміздің жастары үшін - әрбір білген ұсақ нәрсемізге дейін бір бос уақытта жауап жазып отыруды әдетке айналдыру керек, тіпті мүмкіндік болса, бейне сабақтар жазуға да ерінбеу керек, оның да еш қиындығы жоқ! Алға қазақ жастары еліміздің компьютерлік сауаттылығы үшін!!!
0 дауыс
Әрейне бұл үндеуініз жақсы екен.Сіздің айқаныңызбен қосыламын.Санға емес сапаға жұмыс істеген дұрыс.Сайттың одан әрі жақсы дамуына ат салысамыз деп ойлаймын.Жәнеде жақсы әрі дұрыс жауап беруге тырысамыз деген ойдамын...
0 дауыс
дәрігер мамандарды да шақырса жақсы болар еді
+1 дауыс
Көмектесуге әзірмін
* _ *

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
12 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы