Ай, айналайындар-ай, оны бір алла және Жұмағұлов мырза (егер оған дейін ауысып кетпесе) біледі.
Кай күні ойына не келеді соны заң қылып бекіте салады, қарапайым халықтың пікірімен кім санасып жатыр. Қаншама ата-ана балаларынан айрылды осы ҰБТ деген сынның кесірінен. Баяғы совет үкіметі кезіндегідей 5 емтихан тапсырған дұрыс еді. Бала мен мұғалім арасында қарым-қатынас бар, баланың қаншалықты дайындалғанын, білімін, зейінін т.б. байқап коріп отырады. Ал, қазір мектепте кітап бетін ашпаган бала келіп 100-дің үстінде алады, ал, беске оқыған бала ойдағыдай балл жинай алмай қалады.
Бақ шаба ма, бап шаба ма?...
Сондықтан, алдағы ҰБТ-ға байланысты жаңашылдықтардың барлығы тапсыратын уақыт жақындағанда айқындалады. Әзірше тек дайындала беруің керек. Сәттілік тілеймін!!!