Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі және үлкен және кіші сандарды ықшамдау дегенді қысқаша түсіндіріп кетейік. Кейін мен ссіздерге берген ессептерді шығарып беріңіздерші.
Мысалға:
Сызғыш бөлігінің құны 0,1 см. Дененің өлшенген ұзындығы 4,1см. Өлшеу қателігі 0,1см/2=0,05см. Өлшенген ұзындық мәнінің жазылуы.
L=(4.10±0.05)cм немесе 4,05см <L<4.15см.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу:- математикалық сауаттылықтың белгісі. Физика мен астрономияда аса үлкен және кіші сандар жиі қолданылады. Мысалы, Жер мен Күннің арақашықтығы 150 000000 км, жарықтың таралу жылдамдығы 300000000м/с (дәлірек 299 792 458 м/с)
Міне енді мына есептерді шығарып беріңіздерші.
1. Өшіргіштің мөлшерін 1мм дәлдікпен өлше де оның көлемін есепте?
2. Картадан Алматы мен Астананың ең жакың арақашықтығын километрмен анықтаңдар. Осы аралықты ықшам түрде метрмен көрсетіңдер?
3.Ұзындығы 5,1*10²см ені 3,2*10² см, биіктігі 25,0*10² см бөлменің көлемін ессептеңдер. Сандарды ықшам түрлерін пайдалана отырып, көбейту амалын орындаңдар. Көлемнің мәнің метр кубпен жазыңдар.
4.Мына сандарды екі таңбалы йифрлар дәлдігімен ықшам түріне келтіріңдер: 0,00315; 1540 000; 0, 00000005; 43000.