Достар мұнда қараңдар толық ішінде

0 дауыс
279 қаралым
Достар мұнда қараңдар толық іште бата бергенде біреулер теріс батасын беріп жатады сол жайлы ақпарат керек және батасымен
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, жаратушыдан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», – деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да, теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Сол себепті «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» дегенді ұмытпаған жөн.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
0 жауап
22.09.2012 • Санаты: Қазақ тілі maksat94texas сұрақ қойды
+2 дауыс
3 жауап
127,779 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы