Құрсақтағы баланың дұрыс жетіліп,дені сау болып туылуына ананың тамақ құрамы өте маңызды.ет пен балықтың консервіленген,кептірілген,ысытылған түріне,шұжыққа шектеу қою қажет.Жеміс-жидектер,бидай ұнның наны,газсыз сулар,көкөніс салаттары пайдалы. Әсіресе кальцидің пайдасы,ол құрсақтағы сәбидің сүйектерін қалыптастырады. Егер тамақ құрамы құнарлы болмаса ісіну,қан қысымының жоғарылауы байқалып,іштегі баланың өсуі тежеледі. Артық салмақ анаға да балаға кедергі келтіреді,сондықтан жүктілік кезінде семірмес үшін майлы,тәтті,калориялы тағамдарды тартынып жеген жөн. жалпы 10айда әйел 10-12кг салмақ қосу керек. Екіқабат келіншек аз-аздан күніне 4-5рет тамақтануы керек. Бірақ ағзасы қалаған тамаққа шектеу қоюға болмайды. ТАғы да,тым артық салмақ қосып алған жағдайда диета ұстауға қатаң тыйым салынады,бұл балаға аса қауіпті.