0 дауыс
3.0k көрілді

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ әдеби тілінің тарихы, әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс апуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың тел көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы женінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің апғашқы нұсқаларын V-VIII ғасырдан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына XV ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т. б.) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының орхон-енисей, талас жазбалары (V-VIII ғасыр), ерте ортағасырлық "Құтадгу білік" (XI ғасыр), кейінгі ортағасырлық "Мұхаббатнама" (XIV ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М. Қашқаридың "Диван лүғат ит-түрік" (XI ғасыр), "Кодекс Куманикус" (XIII ғасыр), "Оғызнама" (XIV ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын зерттеуде, қазақ тілінің ертедегі жайкүйін сипаттауда, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі керкемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын анықтауда маңызы айрықша. Осы тұрғыдан алғанда оларды қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне қатысы бар үлгілер деуге болады. Бірақ бұларды халықтық негіздегі әдеби тілде жасалған тел тума деп тануға болмайды. Қазақ халқының ез алдына дербес отау тігіп, халық болып қалыптаса бастаған кезі XV ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деудің қисыны келмейді. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Осы атапған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны — Қадырғали Жалайыридың "Жамиғат тауариғы" (XVI ғасыр) мен Әбілғазы Баһадүрдың "Түрік шежіресі" (XVII ғасыр). Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандарымен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас қағаздары мен хаттарында (XVIII ғасыр) қазақ тілінің элементтерін қолдану тұрақты сипат ала бастады. Қазақ қауымында қодданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, ап кейбір зерттеулерде (Б. Әбілқасымов) ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Атапған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, XIX ғасырдың аяғына таман жаппы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тіліміздің публицистика, іс қағаздары тәрізді стильдік тармақтары алғашқы кезде (XIX ғасырдың екінші жартысы) көне жазба тілдің лексика-грамматика тұлғалары мен синтаксистік құрылымдарын едәуір пайдаланды. Сондай-ақ мұсылманша оқыған кейбір арқындар да өз шығармаларында жалпы халықтық лексикалық қорды пайдапана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ бұл процесс үзаққа созылмады. Қазан төңкерісінен кейін жалпы халықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл элементтерін бірте-бірте мүлдем ығыстарып шығарды.

1930-50 жылы қазақ әдебиетінің тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастапады деген көзқарас қалыптасып, одан кейінгі жылдары әдебиет тарихын XVIII ғасырдың екінші жартысынан, яғни Бұхар шығармаларынан бастау идеясы басым болды. Ал 1960-80 жылы XV-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары жинақтапып, жарияланып, жүйелі зерттеу объектісіне айналғаннан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар творчествосы бірбірімен сабақтасып жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс тұжырым қапыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпы халықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің ролі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті екілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтыңпублицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қаннатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармапарындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүдесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. Осы тұрғыдан апғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.
...