Қазіргі мектеп ашпайды; өкініштісі қайта дарынды тұншықтырады.Бүрын мектептің өзінде түрлі кружоктар, секциялар,факультативті сабақтар бар еді. Олардың бәрін қысқартып тастады. Жарайды қалалы жерлерде оқушылар сарайы бар, кейбір балалар сонда барып қабілеттері ашылып жатады. Бірақ сондағы тәлімгер ұстаздардың табысына күн көру мүмкін еменс, көпшілігі жәй сағат өткізуге, қосалқы табыс есебінде қызмет істейді Жауапкершілік мүлдем жоқ, бар ынтасын балаға бұра алмайды. Бәрі қаржыға келіп тіреледі. Кез келген республикаға белгілі болып отырған дарынды балалардың 99% дәулетті ата- аналардың балалары. Олардың барлығын, ақшаның күшімен талантты сатып алды дегеннен аулақпын, дегенмен баласының дарынын ашуға көп қаржы жұмсайды. Себебі жағдайы келеді. Ал қаншама кедей отбасынан шыққан, ауылдық жердің баларының дарыны,ашылмай тұншығып жатқаны қатты жаныма батады.Сосын тағы бір мәселе мектепте ер мұғалімдер жоқ,. Ер мұғалімдер көбірек болса ер балалардың мінез-құлық қалыптасуына, кейбір ер балаларға тән қол- өнерлердің , споттың дамуына өте жақсы ықпал болар еді.Бұл да бір күрделі мәселе, тағы да сол қаржы, мұғалімнің табысы өте төмен. Ал ер азаматтар, отбасының негізгі асыраушысы болғандықтан , бұндай аса жауапкершілікті қажет ететін, және табысы төмен жұмысқа келмейді. Сонымен тоқетері мектеп талантты ашпайды,тек белгілі бір шаблонда ,бекітілген программамен ғана жұмыс істейді Соның өзін қарық қылып жатқаны шамалы!!!!