+1 дауыс
949 көрілді
Ертеде бір адам үш баласын шақырып алып: «Жасарымды жасадым, ендігі қалған малымды бөліп алыңдар. Малымның екіден бір бөлігін, үлкен ұлым, сен ал, үштен бір бөлігін ортаншы ұлым алсын, алтыдан бір бөлігі кенжеме қалсын» деп, о дүниеге аттанып кетіпті. Әкелерін қойып, жетісін, қырқын берген соң, ұлдары малды бөліп алайын десе, қойдың саны – 17 екен. Ол екіге де, үшке де, алтыға бөлінбейтін екен. Не істерлерін білмейді. Осы кезде жандарынан бір қойын жетектеген шаруа өтіп бара жатады. Оны тоқтатып алып, жігіттер жәрдем сұрайды. Шаруа көп ойланбай-ақ, малды үшеуіне әкелері айтқандай бөліп беріпті.
 
Шаруа бұл есепті қалай шешті?

1 жауап

0 дауыс
Шаруа 17 қойға өзінің 1 қойын қосты қой саны 18 болды. Оның екіден бір бөлігі 9 қой, ол  үлкен ұлдың еншісі. Ал үштен бірі 6 қой ол ортаншы ұлдың еншісі. Қалғаны алтыдан бір кіші ұлдың еншісінде. Үлкен ұл 9 қой, ортаншы ұл 6 қой кіші ұл 2 қойға ие болды. Жауабы осы. (Бұл жұмбақты қою арқылы қазақ мультфильмдерін жақсы қарағаныңызды аңғартасыз.) Тап осы жұмбақтың мультфильмі бар.
...