Клиникалық хаттама пациенттерге медициналық көмeк көрсетуде жалпы танылған әдіснамалық құрал және қазіргі заманғы ең таңдаулы мәліметтерді пайдалана отырып әзірленеді, содан кейін заңнамалық тәртіпте бекітіледі. Хаттамалар Денсаулық сақтау министрілігінде талқылаудан өтіп, бұйрықпен бекемделеді. Клиникалық хаттама мен клиникалық нұсқаулық клиникаға жаңа келген жас дәрігердің пациентті емдеудегі бағасыз құнды көмекшісіне айналды. Медициналық көмек көрсетуде қажетті клиникалық хаттамалар және оның негізінде әзірленген алгоритмдер дәрігерлікке дейінгі жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызды шешімі екені анық табылады. Кейде осы құжаттардағы ұсынымдар емдеудің ескі әдістерін қолдануға үйреніп қалған дәрігерлерге күтпеген соққы болды және олар өз тәжірибелерінде клиникалық хаттамаларды пайдалануға немқұрайлық танытады. Алайда, асылында хаттамалар көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға қабілетті және пациенттің бөлімшеде болу мерзімін қысқартады. Сондай-ақ емдеудің ұсынылған әдістерін қолданудағы беделді білім көзі екені ақиқат. Клиникалық хаттама және клиникалық нұсқаулық медициналық көмек көрсетуде базалық құжат және дәрігердің қызметі сапасын сараптау, кейбір даулы мәселелерді шешуде маңызды құрал. Себебі клиникалық хаттамалардағы ұсынымдар нақты яғни өлшенбес сипатқа ие.