+2 дауыс
1.1k көрілді
Мына картадағы қазақтың жерінен біз қалай айырылып қалдық?Мына карта қай ғасырдағы екенін білмедім бірақта Өзбекке кеткен қазіргі Қарақалпақ жері,Үрімші,Шыңжаң тұр.Мысалға Өзбек әкәсі Тәуелсіздіктен кейін оз жеріне 10 есе жер қосты дегенді естігенем.Ал Бізше???

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
*Бұл жерлер бізге заңды иесі болғандықтан бөліп алдық !! Ал өзбектер өз жеріне жер қосып алды деген шын сөз Өйткені соғыстан кейін ел басқару ісінде Әр түрлі аумақтар бойынша басқарылғанын билеміз Сондықтан өзбектер қазақтың бір аз жерін иеленді Ал Жұмабек Ташенов болмағанда
 біз солтүстік бес облысымызды Ресейге оңтүстік аумақтарды Өзбекакаларға Батыстағы мұнайлы Маңғыстауды Түркімен ағайындарға  сол кездегі ел басқарған Тәшеновтен басқа ел ағалалры беріп қоюшы еді.
Егер Тәшенов Қазақ жерін қорғап қалмаған біздің территориямыз төмендегідей болып алар еді.

Тура осы оқиғалардан кейін  30 жылдан соң Қазақ елі тәуелсіздігін алған болатын. Біз тәуелсіз ел ретінде территориямыздан айырылып әлемдік қауымдастыққа қандай күйде енер едік деген суал көкейде тұрады. Сондай –ақ біз неден айырылып неден ұтылар едік.  Осы сауалға жауап іздеп көрелік.           Бірінші, Қазақ елі аумақтық тұрғыдан алғанда Қазіргідей әлемде 9 орын емес 15-ші  орында болушы еді.  Атап айтқанда солтүстік бес облыстың ауданы   565 мың шаршы шақырым,  Маңғыстау облысы ауданы 165.6 мың шаршы шақырым,Оңтүстік қазақстан облысы 117 мың шаршы шақырым территорядан айырылып қалар едік. Барлығымыз білеміз Қазақстан материк ішілік мемлекет. Қазіргі таңда біз Еуразия материгінің орталығында орналаса отырып мұхиттарда алшақ тұрмыз.
Ал, аумақтық өзгеріс болған жағдайда Солтүстік Мұзды мұхитынан шамен 600-700  шақырым алыстаушы едік. Бұл мемлекетіміздің мұхиттан одан әрі алыстауына әкелуші еді.
Екінші, еліміздің халық санына елеулі өзгерсітер енуші еді. Мүмкін республика халқының саны  5846200 адамға    қысқарып қаларма еді. Атап айтсақ Солтүстік облыстардан  3055  мың адамға,  Маңғыстау облысынан 361.7 мың адамға ал, оңтүстік Қазақстан облысынан   2429.5 адамға азаяр ма еді.  Қазір халық саны бойынша әлемде 46-шы  орында болсақ, егер  аумақтың бөлшектеудің зардабына халық санына кері  кетіп 71-72 орынға шегерілуші еді.
Үшінші, Қазақстан табиғи ресурстың барлық түріне бай мемлекет болып табылады. Дүние жүзі бойынша  5-6 орында Бразилиямен теңеседі. Енді егер аумақтық бөлшектену болған жағдайда қандай табиғат байлықтарынан айырылар едік? деген сұраққа жауап іздесек.  Солүстік тың игерілген облыстарда қандай ресурстар бар: Қостанай облысы Темір кен орындарға өте бай нақтыласақ Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Жітіқара  құрлыс материалдары Торғайда алюминий кен орны, Солтүстік Қазақстан титан кені, әктас, Ақмола алтын, Павлодар облысы Екібастұз көмір бассейні Қазақстан бойынша екінші орында, мыс, алтын, құрлыс материалдары, ас тұзы т.б. Батыста Маңғыстау облысы мұнай мен табиғи газдың әлемдегі ең ірі кен орындары және құрлас материалдары. Оңтүстік Қазақстан қорғасын кені, фосфор кені, су қорлары, тыңайтқыштар.
Төртінші  Қазақстан өндіруші өнеркәсіптің негізі осы бөлшектенуге тисті аумақтарда орналасқан. Мәселен алсақ солтүстік облыстарда аумақтық өнеркәсіптік кешендердің мамандануына байланысты өнеркәсіп ошақтары шоғырланған.
Солтүстік Қазақстан ауыр машина жасау өнеркәсібі (двигатель), Көкшетауда Ресей Қазақстан біріккен кәсіпорынында камаз авто көлігін, Қостанай облысында темір кенбайыту комбинаттары, Павлодарда ауылшаруашылық техникаларын, алюминий зауыты, Ақсу ферроқорытпа комбинаттары, Екібастұз ОЭК электр энергиясын өндіреді, Астана , Павлодар  ауылшаруашылық техникаларын өндіреді.
Маңғыстау облысына келсек Ақтау пластмаса зауыты жоғары сапалы өнім өндіруде. Жаңаөзен қаласында табиғи газды өңдеу зауыты өлкені және республиканың басқа аумақтарын табиғи газбен қамтамасыз етеді.  Еліміздің негізгі мұнай газ секторы шоғырланған.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық өндірістік  шоғырлануына келсек аумақтағы ресурстық қор базасына негізделген негізінен  Құрлысқа қажетті лак бояулар зауыты жұмыс жасауда. Құрлыс материалдарына қажетті тастар, цемент «Шымкент, Састөбе » цемент зауыттары. Автокөліктерге қажетті шина зауыты мен қатар химия өнеркәсібі фармацептика саласы жақсы дамыған.*
Мына жауапты қайдан алдыңыз? Бұл біздің зерттеу жұмысымыз еді.
0 дауыс
жоғарыдағы отқандар басын қатырмаса біздің айтқанмен ештене өзгермейді,дұрысы бұйырғаны болады!!!
+1 дауыс
Бұл сұраққа жауап табу үшін көп күш керек?
Еш қандай күштің қажеті жоқ !! Ғалымдар мұны әлде қашан айтып жазып зерттеп қойған !!
зерттегеннен не пайда? Ибрагим дұрыс айтады,шала пала зерттегеннен пайда жоқ зерттегіш болса қытайлар сияқты зерттесін
Сен как будта сол зертеген адамның еңбегін оқығандай айттың ғой шала зерттеген деп !!
толық зертегеніне көзің анық жетема,сосын қазақша әріппен жазуды ұмытпа
0 дауыс
қазақ жері бұдан да үлкен болған, бұл әлі жартысы ғана қазақ жері бұрындарда қара теңізден------ анау  монғолияның астанасына дейін ---одан қытайдағы такла-маканның арғы жағына дейін такла -макан қазақша тақыр мекен дегенді білдіріеді бұлда қазақ жері--------------- оңтүстікте қоқан,хорезм ташкент бұның бәрі қазақ жері,,,,,,,,егер қазақ жері осындай   болса жер көлемінде әлнм бойынша 1-2 орында тұрар еді,,,, ал халықсаны 16-17 млн емес 40-45 млн болар еді
...