Тарихы Атауы
Қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған[3]; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған.
]Алғашқы естеліктер
Алғашқы естеліктер XVI—XVII ғасырларға жатады, бұл өңірде «қазақтың Ромеосы мен Джульеттасы» — «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу өмір сүрген». Қаланың іргетасы 1831 жылы қаланған. 1831—1860жж. округтік қала болып, қасында ағып жатқан Аягөз өзеніне байланысты «Аягөз» атанды. 1860 ж. соң Сергиополь, толығырақ айтқанда Семей облысы, кейін Жетісу облысы Лепсі уезі Сергиополь стансасы атанды. Қазіргі таңда Сергиопольдің орнында Мамырсу ауылы орналасқан. Қазіргі қала сол ауылдың маңында 1931 ж. станса жанындағы кент ретінде пайда болған, ал Түркістан-Сібір темір жолының құрылуына байланысты 1939 жылы қала статусы мен Аягоз атауын алды, ол атауы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң қазақша транслитерацияға ұшырап «Аягөз» атанды.