0 дауыс
65.6k көрілді
Табиғи апаттар жайлы мәліметтер қажет?

4 жауап

0 дауыс

Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту проблемалары қаралған. Тілсіз қияпаттардан (иемесс табиғи алапаттардан) 3,6 млн адам қаза тауып, 3 млрд-тан астамы зардап шекті. Ал жалпы экономикалық шығын 340 млрд доллар болды. Жер сілкінісі эпицентрдін айналасынан едәуір қашық жерлерде басқа да табиғи құбылыстарды күшейтеді. Мысалы, Эквадордағы (1987) жер сілкінісі кезінде трансэквадор газ құбырының 6 мильден астамы жаппай жылжу себебінен бұзылды. Табиғи алапаттардың жиіленуі, халық тығыздығының артуы және Жердегі техносфераның кеңеюі күрделі инженерлік имараттар көп орналасқан аумақтардың табиғи қияпатқа ұшырауына себепші болады. Мұндай имараттарға АЭС-тер, химия кәсіпорындары, мұнай және газ құбырлары, суқойма бөгеттері, көлік жүйелері, тағы басқа жатады. Сондықтан табиғи және техногендік сипатты экологиялық алапаттарды бір-бірімен байланыстыра зерттеп-білу қажет.[1]
Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) деп бөлуге болады. Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден (жер сілкіну) туады. Қазақстанның оңтүстігіндегі биік таулар әлі калыптасып бітпеген жас таулар болғандықтан, сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан бұл аймақта жиі жер сілкінулер болып түрады. Мысалы, Алматыда 1889, 1911 жылдары апатты жер сілкіну болған.

Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулы аймақтарда 2724 мұздық бар. Осылардың еруінен және қардың қалың түсуіне байланысты күшті селтасқындары болып түрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда, 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде болды. Олардың алдын алу үшін шаралар жасалмаған жағдайда зор материалдық және адам шығыны болуы мүмкін. Алматы қаласын селден сактау үшін Медеу бөгені салынған және таулы аймақтарда сол жөнінде дер кезінде хабар беретін кондырғылар орнатылған. Жер сілкінуді алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының көмегімен (мінез-құлықтарының өзгерістеріне негізделген) жер сілкінуге болжам жасалады.

Республиканың климат ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер жиі болады. Аңызақ Желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) апат әкелетін өзгерістерді (теңіз деңгейінің көтерілуі, жұттардың болуы және т.б.) ескерген жөн.

Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау - озық қоғамның алғышарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаган орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялык жағдайымен танысудың маңызы зор.

0 дауыс
Ен кауыпты апат ол цунами себеби ол оте улкен 2 етаж уилерден де асып кетеди жане одан кашып кутылу мумкин емес
0 дауыс

Арал теңізі 1960 жылдары тартылып суы азайды.Оған фабрикалар мен кәсіпорындарынан шығатын лас шөп-шалаңдардың кінәсі бар.Себебі сол шөптер Арал теңізіне барады.

0 дауыс
Табиғи апат дегеніміз апат табиғи
...