0 дауыс
745 көрілді
7-12 ғасырдағы Жікіл каласы туралы мәлімет тауып беріңіздершііі? естіген болсаңыздар

1 жауап

+1 дауыс
Жікіл, Ш і г і л - Тараз қаласы маңындағы ортағасырлық қала орны. Араб географы Мұтаххар әл-Мақдиси: " Шігіл-Тараздан айқайласа адам дауысы жетерлік жердегі кішігірім елді мекен. Ол айнала қорғаныс дуалымен қоршалған, мешіті каланың базар алаңында орналасқан", — деп жазады. Жікілде 12 ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінін уағыздаушы Әбдрахман әл-Мұхаммед ибн Яхия туылған деген де мәліметтер бар. Александр Натанович Бернштамның пікірінше, Жікіл Ыстықкөл мен Тараздың маңын мекен еткен түріктердің жікіл тайпасының атымен аталған. Қала алғашында жікіл тайпасы коныстанған елді мекеннің орнында қалыптасса керек. Тараздың оңтүстік-шығысынан 3 километр жердегі Жалпақтөбені кезінде Г.И.Пацевич Жікілдің орны деп анықтаған. Қазіргі кезде Жалпақтөбеде каланың шахристаны мен цитаделі ғана сақталған. Жал¬пы ауданы 1 гектарға жуық, мәдени қабатының биіктігі 1—1,5 метр. Жалпактөбеде 1960—63 жылы Т.Н.Сенигова басқарған Тараз Археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыс- тарын жүргізген. Шахристанда жүргізілген қазба жұмыстары барысында қабырғаларының тұғыры жұмыр қойтастардан қаланып, жоғарғы жағы көл. 40x42x10, 25x35x8 сантиметр кесектерден соғылған көптеген үйлердің орындары аршылды. Олардың сары балшықпен сыланған едендерінен ошақтың және айналасы кесекпен өрілген астық сақтайтын шұңқырлардың орында¬ры қазылды. Зерттеу кезінде та¬былған бұйымдар (кыш ыдыс¬тар, дән үгіткіштер, Түргеш хан¬дығы кезіңдегі теңгелер, темірден жасалған жебенің ұштары, т.б.) Тараз қаласының 8—9 ғасырларға жататын құрылыс қабатынан шыққан заттарға өте ұқсас. толығырақ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%96%D0%BA%D1%96%D0%BB   http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%96%D0%BA%D1%96%D0%BB_%28%D1%82%D0%B0%D0%B9%D0%BF%D0%B0%29   http://referaty-v.kz/%D0%B6%D1%96%D0%BA%D1%96%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%B9%D0%BF%D0%B0
...