0 дауыс
10.7k көрілді
Дене V0=3о м/с бастапы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Дене t=4 c уақыт ішінде қандай жол жүреді? Оның осы уақыт ішінде орташа V орын ауыстыру жылдамдығы және орташа Vор. жылдамдығы қандай? Ауаның кедергісін ескермеңіз.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Максималды көтерілу биіктігін табамыз: h=v0^2 / 2g. h=900 / 20=45м.

Енді көтерілу уақытын( ол = жерге құлау уақытына тең ). h=g*t1^2 / 2 осыдан t1=квадрат түбір 2h / g. t1=3c.

яғни 4секунд : 3с жоғары көтеріліп 45м,Одан соң 1секунд құлайды (бастапқы жылдамдықты есептемей).

1с ішішндегі орын ауыстыруды есептейміз: h1=gt2^2 / 2. (t2=1c). h1=5м. Бүкіл жолы S=h+h1.
S=45+5=50м.

Орташа жолдық жылдамдығы Vор=S / t. ( t=4c). Vор=50 / 4=12,5м/c.
Орын ауыстыру S1=h - h1. S1=45 - 5 =40м

Орын ауыстырудың орташа жылдамдығы

Vор1=S1 / t.
vср1=40 / 4=10м/c.
...