Кешірім өтінем. Менің бағдарламамды сынға алып, мүмкін болған кемшіліктерін айтып жатқандарыңыз өте дұрыс. Бірақ осы арада мен де өз сөзімді айта кеткім келеді.Мен өзім кезінде оқушы болдым. Қазірде оқытушымын. Оқушының психологиясын түсінем. Бүкіл баланың ақылы бірдей, бірақ әр баланың қабылдау қабілеті әр түрлі. Көпшілік оқушылар бастауыш сыныптарды жақсы оқиды, жоғары сыныптарға өткен соң бағалары нашарлай бастайды. Себебі 1 мұғалімнің бүкіл оқушыны жұмылдырып, олардың сабаққа деген қызығушылығын раттырып, сабақты бәріне бірдей жеткізуге қауқары жетпейді. Әр балаға жеке назар керек. Бір рет нашар баға алған баланың сағы сынып, сабаққа деген жек көрініш ояна бастайды.
Ал енді оқушылар айтыңдаршы мұғалім сабақты түсіндіріп жатқанда, сіз ол сабақ жайлы жақсы білетін болсаңыз, аға - әпкелеріңізден, әлде ата - анаңыздан естідіңіз, сіз сабаққа белсенді қатысқыңыз келеді, тақтаға шыққыңыз келеді. Соңында жақсы баға алып көңілді боп қайтасыз. Оқушының сабаққа алдын ала дайын болуы оны жалқаулыққа емес, керісінше сабаққа деген қызығушылыққа жетелейді. Мен оқушыға өз қабілетін сынап көру үшін тағы бір мүмкіндік бергім келеді. Әрбір оқушының жақсы баға алуға ақысы бар деп сенемін. Еліміздегі білім беру жүйесінің кетіктерін жамағым келеді.