+2 дауыс
75.5k көрілді
Кірме сөздерді жазып қалдырыңыздаршы? Қай тілден енгенімен сөздік сияқты етіп?

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.  2. Мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердауси, Науай, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен енді. Мәселен, мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат т. б. 3. Дінмен енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т. б. Міне, қазақ тіліне араб-иран тілінен сездер осьшдай үш түрлі жолмен келіп енді. Орыс тілінен қазақ тіліне сез ену сонау XVIII ғасырдан басталады. Жауап ұнаса Жақсы жауапты баса сал
ТАПСЫРМА ҚИЫН ЕМЕС ЕКЕН
+2 дауыс
оларға арап,француз, ағылшын тілнен енген сөздер яғни термин   сөздер гооо,,,,,,,,,,,,,,,,
+1 дауыс
әліппе сөзі араб тілінен енген
0 дауыс

Кірме сөздердің тіге  ену ерекшелктері
 
Тіл қарым-қатынас құралы. Қарам-қатынас нәтижесінде  бір тілден екінші тілге сөздер кіреді. Сондықтан кірме сөзсіз «таза» тіл жоқ.

Әр халықтың сөз байлығы – оның ұзақ ғасырлар бойы басынан кешірген өмірінің, іс-әрекетінің, ақыл-ой жұмыстарының тілдегі көрінісі. Тілдегі сөздер халықтың қарым-қатынас қажетін өтеу үшін жұмсалады. Сөз – адамдардың айналадағы объективті шындықты, заттар мен құбылыстарды, іс-әтекетті, сан-сапаны айырып тани білгенінің көрінісі.

Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым оның тіліндегі сөздік құрам да бай болады деген тұжырым бар.

Сонымен кірме сөздер дегеніміз – тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбіне белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шетел тілі сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсыбірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.

Көптеген сыртқы жағдаятқа байланысты тіл-тілге «жаңа сөздер» еніп отырады. «Жаңа сөздер» дегеніміз белгілі кезеңдерде пайда болған (қолданысқа түскен) жаңа зат, жаңа ұғым атаулары, жаңа сөз тіркестері, мағынасы жаңарған, яғни мағынасы ауысқан немесе қосымша мағыналық реңкке ие болған бұрыңғы сөздер, сондай-ақ тілде жиі еркін қолданыла бастаған бөгде тілдік сөздерылады. Бұларды лингвистикалық жаңа бірліктер деп те атайды. Тілдегі «жаңалық» деген ұғымды білдіретін құбылыстар екіге бөлініп қарастырылып жүр: бірі – лексикалық бірліктер: жаңа сөздер, тіркестер, морфологиялық жаңа түзілімдер, екіншісі – грамматикалық жаңа тәсілдер.

1)Жаңа сөздерді қолданысына қарай бөліп-бөліп тану керек: а) қалың көпшілік қолданатын, яғни бұқаралық ақпарат құралдары – күнделікті баспасөз, радио-телехабарлар, көпшілік қолды білім-ғылым әдебиеттері, оның ішінде мектеп оқулықтары мен оқу құралдары жиі пайдаланатын сөздер және ә) қоғам өмірінің әртүрлі тұстарында: ғылымда, шаруашылық пен өнеркәсіп салаларында, өнерде және тағы басқаларында арнаулы мамандар мен кәсіпкерлер пайдаланатын және қолданыс шеңбері тар (шағын) сөздер. Олар әр алуан құрал-жабдықтар аттары, конструкторлық-инженерлік атаулар мен осы салалардағы іс-әрекеттерді атайтын сөздер болып келеді. Алдыңғы топтағы жаңа сөздерді орыс және европа халықтары тілдерін зерттеушілер бірнеше салаға бөліп қарастырады.

Ал А.М.Қызырова «Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі» атты диссертациялық жұмысында ағылшын тілінен енген сөздерді талдап, әр кәсіпке байланысты саралап, тақылап карастырған: Мәселен: Ақша және ақшамен байланысты ұғымдар: тенге, банкнот, инвестиция, депозит, бондар, пин код, банк, грин-кард, доллар, цент, сом, шиллинг, пенс.
Ер адам ұғымын білдіретін синонимдер: күзетші-секьюрити, басқарма-менеджер, босс-шеф, жетекші-куратор-тьютор, іскер-бизнесмен, есепші-аудитор, атқамінер-жокер, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т.б.

Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т.б.
Ойын: керлинг, хоккей, бокс, биллборд, боулинг, гольф, сквош, гейм, гандбол, футбол, кроссворды, аттракцион, крикет т.б.

Спорт: аквалангты пайдаланатын адам - драйвер, культуризм -бодибилдинг, ұзын қашықтыққа жүгіретін адам - стайер, қысқа қашықтыққа жүгіретін адам - спринтер, велосипед - байк т.б.
Ақпараттық жаргон компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі: nomina agents: геймер (компьютерлік ойындарды жақсы көретін адам), хакер, юзер (жеке компьютерді пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, ламер, гамер, т.б.

Хат-жазбалар: майло (компьютер арқылы жіберілетін хат), сайт, файл, е-майл  т.б.
Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т.б.

Компьютердің атауы немесе компьютерлік ақпаратқа қатысы бар құрамдық бөлшектердің аты: моник(мониторинг), ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем  т.б.

Компьютер арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет: принтовать ету, логиндау (пароль кіргізу), таймерлеу, кликать ету (тышқанның клавишін басу), Internet-браузер, Internet-магазин, Internet-провайдер, онлайн-сауда, дамп, хост, аудит, гамдеу(game-ойын), виндузда жұмыс істеу (Windowsпен жұмыс істеу)  т.б.

А.Қ.Омарова мен А.С.Шыныбекованың «Қазақ тілі» еңбегінде кірме сөздерге мынадай анықтама беріліп, мысалдар келтіріледі: «Кірме сөздер дегеніміз дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер. Ол қазақ тілінің өзіндік сөзжасам тәсілдері емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе енген сөздер. Мұндай сөз ауысулар бір жақты емес, екі жақты болып келген. Түркі тілдерімен басқа тілдер арасында сөз алмасу  -ертеден келе жатқан құбылыс. Мысалы, араб–парсы тілдерінен енген сөздер: аса, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, хабар, әйел, баға, азамат, айуан, кітап, дәптер т.б.».

Сонымен қатар монғол, орыс тілдерінен енген сөздер, интернационалдық сөздер, кәсіби терминология, кәсіби сөздер, варваризмдерге де тоқталып мағынасын аша көрсеткен.

Жалпы қай кезеңде, қандай заман болмасын тілімізде өзгешеліктер, жаңалықтардың болуы – ол заңдылық.  Тілімізде жаңа ұғымды білдіретін сөздер – неологизмдер. Неологизмдер – өткінші құбылыс. Кез келген жаңа сөз уақыт өткен соң, жалпыхалықтық қолданысқа еніп, сіңісіп кетеді де, неологизм болудан қалады. Неологизмдер сөзжасамның лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдері арқылы жасалып, сөздік құрамды толықтырады. Неологизм – өте жылжымалы құбылыс, жаңа сөз туып жатады, уақыт өткен соң олар жалпылама лексикаға өтіп жатады.

Қорыта айтқанда, келешекте жазатын зерттеулеріміздің мақсаты   –    қазақ тілінде кездесетін кірме сөздердің  тілімізге ауысу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсетіп, тақырыптық, мағыналық жағынан топтастыру.

0 дауыс
самовар-самауыр
бәрі қате
0 дауыс

Кірме сөздер табиғатын тарихи кезеңдерге бөліп жіктеп, жүйелеп қарау керек сияқты. Мәселен, бұлардың тіліміздегі өрісін саралай отырып біз формалды түрде мынадай үш түрлі ыңғайды байқаймыз. Біріншінің қатарына тілімізге бағзы бір замандарда еніп қолданыла келе әбден сіңіп, бөтендігі байқалмай мүлде өздік болып үлгерген сөздерді жатқызуға болады. Мәселен: мәдениет, кағида, ғылым, білім, ғалым, мұғалім, мектеп, медресе тәрізді арабы сөздер мен сот, жәшік, бәтіңке, болыс, бөкебай, бөтелке, әптек тәрізді орыс сөздері әу бастағы өзгелік ерекшелігін сыпырып тастап, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес икемделіп, төл байлығымызды молайтқан қазына. Екіншіге сыртқы пішінін өзгертпегенімен жиі қолданылу нәтижесінде сол қалпында-ақ негізгі сөз байлығымыздан жатырқамай орын ала бастаған аспирант, студент, академик, пойыз, станса, журналист, корреспондент, машина, автомашина, солдат, лейтенант, офицер, касса, кассир, экономика, трамвай, троллейбус тәрізді сөздерді жатқызуға болады. 

0 дауыс

оте нашар ештеме корсеткен жоксыздарangry

0 дауыс

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер,сөз тіркестері,жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер»,«варваризмдер»,«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқанлексема.

Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:

1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен,зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.

2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.[1]

0 дауыс
Экономист кай созден шыккан
0 дауыс
Кенеп, Көпес, Дүкен, Мұғалім, Дидар, Самауыр, Керім, Парасат, Өнер, Таразы, Кәмпит, Нәзік, Мәселе
...