0 дауыс
1.1k көрілді
SQL бағдарламасын жүктеу керек және қандай программа не мақсатта қолданылатынын өз сөздеріңізбен түсіндіріп кетсеңіздер!!!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізінде SQL дейтін ешқандай программа емес, ол жай ғана бағдарламалау тілі. Structured Query Language-қазақшаға аударғанда Құрастырылған Сұраныс Тілі. Бұл тілді ақпараттар қорын басқару үшін қолданылады және өзінің ерекше операторларымен синтаксистері бар, C#,Java,PHP, т.б. тілдерінкі секілді. Бұл тілдің артықшылығы Мысалығы алатын болсақ MS Access те деректер қорын жасағанымызбен, ондағы деректерді экран бетіне және жасаған пішіндерге(Форма, From, Query) қойылатын әр түрлі талаптарға байланысты Accessетің финкциялары жетіспегендіктен SQL тілін қолданады (Бұл тілді негізінде кезкелген Деректер Қорын Басқару Жұйелеріне(DBMS) қолданады). Тағы, деректер кестеде сақталатыны белгілі, және әр кестенің жолдарын TUPLE  дейді. Осы бір сіздің таңдаған жолыңызды(TUPLE) немесе дерегіңізді әкран бетіне шығару керек, бірақ деректер қорында мыңдаған кеcтелер, миллиондаған TUPLE дар болуы мүмкін, сонда өзіңіздің таңдағаныңызды табу үшін, оны өзгерту немесе басқару үшін осы SQL тілін қолданады. Сондықтан, бұл тілді Structured яғни операторларды қолдану арқылы өзіңіздің сұрансыңызды істейсіз. Бірақ бұл тілді қолдану үшін сіздің кем дегенде бір программалау тілін білуіңіз керек, өйткені бағдарламалаудың логикасын білмеген адамға түсіну қиын болады.
...