0 дауыс
925 көрілді
Жана сыртта жүргенде Құлсарыда қырылыс болып жатыр дегенді естіп қалдым. Білетіндерініз болса толығырақ айтып өтсеніздер

3 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Иәә , өкінішке орай ... ( Бұл туралы  теледидардан беріп жатыр . ( тіпті ғаламтордан да )
[1][1]
[2][2]


  [1]: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_atyrau_qulsary_shooting/24705729.html
  [2]: http://yandex.kz/yandsearch?text=%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B%20%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B&lr=10291&oprnd=9311503195
ҚЫРЫЛЫС болғаны соншалық, ҚҰЛСАРЫ қаласының оқушылары мектепке барудан қалды . . .
Белгісіз
Гаухар үлкен РАХМЕТ!!!
Белгісіз
Осыны онлайн қарауға болама?
0 дауыс
Бүгін, 12 қыркүйек күні таңертең Жылыой ауданының әкімшілік орталығы - Құлсары қаласында терроризмге қатысы бар күдікті топты ұстауға бағытталған арнайы операция басталды.
Оқиға орнынан «Ақ Жайықтың» меншікті тілшісі Ләззат ҚАРАЖАНОВА хабарлағандай, таңертең ертемен 1-ықшамаудандағы (қала орталығы) №№21, 22, 29 үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру басталған. Сағат 9.00-де адамдардың барлығын газ кетіп жатыр деген желеумен үйден шығарыпты. Үш үйден тұратын «қораптың» өзін түгелдей полиция мен арнайы жасақ қоршап алған. Сол жерге медиктер мен ТЖ қызметі де келген. Бұдан басқа, сол маңдағы Жазықбаев атындағы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдері қауіпсіз жерге көшірілді.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, бес адамнан тұратын террористер тобы №22 үйдің үшінші қабатындағы пәтерде отырған. Олар берілуден бас тартып, қатты қарсыласып жатыр деп хабарлануда.
«АЖ» тілшісінің айтуынша, қазіргі кезде атыс болып, автоматтан дүркін-дүркін оқ атылып, жарылыс  дауыстары естіліп жатқан көрінеді.
Біздің бейресми дереккөздеріміз хабарлағандай, экстремистердің өткен аптада Атыраудағы Молдағұлова көшесі №94 үйде орын алған соңғы жарылыспен байланысы бар екен. Құқыққорғау органдары облыс орталығынан шамамен 220 км қашықтықтағы Құлсары қаласында жасырынған (терактіні дайындауға күдіктелген) басқа тұлғалардың іздеріне түскен.
Арнайы қызметке шамамен соның алдындағы кешкісін күдіктілер тобының қайда жасырынып жатқаны белгілі болған. Бірақ тұрғындардың қауіпсіздігін ойлап, операцияны таңертеңгі уақытқа шегеруді ұйғарыпты. Біздің тілшіміз арнайы операция барысын бақылап, толық ақпарат беруді жалғастыратын болады.



                                       Бас прокуратура Құлсарыдағы арнайы операцияға комментарий берді
2012 жылғы 5 қыркүйекте Атырау қаласының Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы орын алғаны белгілі.
Жарылыс нәтижесінде алған жарақаттарынан оқиға болған жерде 1991 жылы туылған Сакауов Нурлыбек Амангалиевич қаза болды.
Қарау кезінде 3 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, сондай-ақ осындай құрылғыларға компоненттер табылып, алынды.
Сакауов күштік құрылымдардың қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеттерін жасау идеяларын ұстанып жүргені анықталды.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 233 баптарымен (Терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.
Тергеу шеңберінде осы қылмыстың 4 қатысушысы анықталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Бүгін, 2012 жылғы 12 қыркүйекте Атырау облысы Құлсары қаласының 1-ші шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен көрсетілген террористік топтың қызметіне қатысы бар тағы бірнеше тұлғалар анықталды.
Осыған байланысты, оларды ұстау және залалсыздандыру мақсатында терроризмге қарсы операция жарияланды, оны өткізу аймағында ерекше құқықтық режим енгізілді, тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп, оқшаулау қойылды.
Арнайы құрылымдардың қызметкерлері қандай да бір әрекеттер жасауды бастағанға дейін оқшауланған тұлғалар бірнеше жарылғыш құрылғыны жарып, оқ ату қаруларымен арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай ата бастады. Бір қызметкер жарақат алды.
Арнайы операция нәтижелерімен оқиға болған жерден 5 мәйіт және ауыр жарақат алған бір тұлға табылды.
Бейбіт тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға болған жерді қарау және басқа да күттірмейтін тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
  

немесе мына жерден қара  
0 дауыс
Тып-тыныш халықтың мазасын кетiрдi,бәрiнiң үрейлерi ұшты.5 қабатты үйдегi балконнан қып-қызыл қан ағып жатты,адамдар у-шу,бұрын мұндай болған емес,өкiнiштi.
...