0 дауыс
1.6k көрілді
Информатикадан "Ақпаратпен орындалатын әрекеттер" тақырыбына байланысты мәліметтер  керек еді.Қай сайттан жүктесем болады?

1 жауап

0 дауыс
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз-оның көмегімне адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналдар жіберу.
Сигналдар аналогтық(үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізе жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 бай=8 бит;
1 кбайт(килобайт)=1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;
1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.
...