0 дауыс
378 көрілді
Мен Алматыны жамандап, я балағаттап тұрғам жоқ. Тек сол оқиғаның куәсі болғандықтан айтып отырмын. Көбінесе қоғамдық көлікте, көпшілік көп ортада әсіресе шет жерден келген студенттер қомақты ақшасын жоғалтып жатады. Жақында бір досым 35 мың ақшасын жоғалтып қойды. Сонда Алматыда ұрылардың көп болғаны ма? Әлде халық жағдайының төмен болғаны ма? Ертең біздің де ақшамыздың жоғалып кетуіне кім кепіл? Қыздар пысықтау келеді ғой әрине.

2 жауап

0 дауыс
Ірі мегаполис болған соң солай болады да. Ұрлықтың өзі өнер) Мен ұрлықты жақтап отырған жоқпын, ол әрине жақсы кәсіп емес. Бірақ, Алматы өте үлкен мегаполис, қайнаған тіршілік мекені. Әл ауқаты ірі Еуропа елдерінің қалаларындағы кіріс-шығысы экономикалық жағынан да, тауар/транспорт айнаоымы бойынша да еш кем түспейді және Қазақстанда ондай қала жалғыз - ол Алматы. Сіз айтқан жағдай, ол қаланың тек бір беті ғана, онда кез келген қалада кездесе бермейтін жақсысын да, жаманын да айтуға болады. Жалғыз амал - қала системасына ену керек дегеннен басқа айтар жоқ)
0 дауыс
Білмедім Алматыда өзім тұрғанда ешқандай жақын танысымыздан ешкім ештеңе ұрлаған жоқ.
...