0 дауыс
61.2k көрілді
Биотехнология дегеніміз не? және ққандай мамандықтары болады.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
[Биотехнология дегеніміз][1] [БИОТЕХНОЛОГИЯның оқуын бітірсем қандай жерлерде жұмыс істеуге болады? Жақсы мамандық па?][2]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%BE%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B3%D1%96_%D0%B1%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B
  [2]: https://surak.baribar.kz/68168/
0 дауыс
Биотехнология мамандығы ғылым ретінде заманауи биологияның маңызды бөлшегі болып табылады. Бұл сала XX ғасырдың 80-ші жылдарында жандана бастаған. Жаңадан шықан  әдіснамалық және әдістемелік тәсілдер ғылымға аяқ басқан шақта осылардың барлығын іс жүзінде  тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Оқымыстылардың болжамдары бойынша алдағы уақытта биотехнологиялық тауарлар әлем нарығын жаулап алады.

Биотехнология – әртүрлі өнімдердің өндіріс мәселелерін шешу, энергияның өзге көздерін табу, биологиялық белсенді заттар мен антибиотиктердің синтезін жасау, қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу сияқты міндеттемелерді қамтыған ғылыми сала. Бұл мамандық түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады.

Біздің елде қазіргі кезеңде айтарлықтай алға жылжу байқалады. Ғылыми зертхана, жұмыстық лаборатория, мамандандыру секілді мәселелерді өкімет басшылары үлкен істер қозғап, олардың сан мен сапасын арттыру туралы көптеген жиын жиналыстар ұйымдастырып жатыр. Қазақстанда биотехнология саласында едәуір тәжірибе жинақталған және келешегінен үміт күттіретін ғылыми жобалар әзірленген. Мемлекетіміздің биотехнологияны дамытудың бірыңғай жүйелі тәсілі шамасында ғылыми, білім беру мекемелерінің, өндірістік кәсіпорындардың, бизнес құрылымдардың күштері біріктіріліп отыр.

5В070100 - «Биотехнология» мамандығы

Жалпы орта білім мектебінен кейін тапсырған ҰБТ және кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша тестілеуде таңдалатын пән – биология. Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.

Арнайы пән ретінде келесі пәндер оқытылады: Микроағзалардың биотехнологиясы, Өсімдіктер биотехнологиясы, Жануарлар биотехнологиясы, Тағамдық биотехнология, Медициналық және ветеринарлық биотехнология, экологиялық биотехнология және тағы да басқалар.

Оқытатын білім  ордалары:

Ұлттық университеттер:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
Қазақ ұлттық аграрлық университет;

 

Мемлекеттік  ЖОО-лар:

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университеті;
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
Алматы технологиялық университеті;
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университеті;
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университеті;
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;

 

Жеке меншік ЖОО-лар:

Еуразиялық инновациялық университеті;
Қазақ инженерлік-техникалық академиясы;
Қазақ гуманитарлық заң университеті;

 

Биотехнология саласын оқыған түлектер мына мамандықтар бойынша қызмет атқара алады: ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық кәсіпорындар; өсімдіктерді қорғау бекеттері, балық шаруашылығы мен аң шаруашылығы зауыттары; экологиялық қызметтер мен ұйымдар; ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша зертхана орындары және т.б.
...