0 дауыс
858 көрілді
Өтініш!!! Маған махаббат, достық, өмір туралы өлең шумақтарын тауып бере аласындар ма?! Немесе өздеріңе ұнайтын өлең шумақтары болса да жазып жіберіңдерші!!!

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
[сен үшін][1]
сайтынан махаббат, достық, туралы табылады [достық туралы өлен][2]
мында жазылған.


  [1]: http://sen-ushin.kz/
  [2]: https://surak.baribar.kz/119793/
Рахмееет!!!
+1 дауыс
МАХАББАТТА ШЕКАРА ЖОҚ

Талай ақын ұлы сезімді жыр еткен
Ғашықтардың сезімін асқақ түлеткен
Махаббат деген сезім бар өмірде
Тек жастар сүйе алмайды шын жүрекпен

Махаббат көрінеді тас қамалдай
Мөлдіреген сезім ол жас жанардай
Махаббатты бағалай білмегенге
Елестейді биікте аспан айдай

Махаббат кәрі жасқа қарамайды
Үлкен болса кішіні бағалайды
Үлкен,кіші бәрібір шын сүйсе егер
Одан артығын өзіне таба алмайды

Махаббат ұзын қысқа бойда емес
Ақылды бол мейлі бірақ ойда да емес
Ұнатарда асығыстық болмаса егер
Жар таңдау да ешқашан болмайды кеш

Махаббатты бағалай білгендер бар
Шын ғашық боп шаттанып күлгендер бар
Қиналғанда махаббат жоқ деместен
Шыдап төзіп,қуанып күлгендер бар

Жүрегіңді қара бұлт жапқан кезде
Қаталсынып,тас темір шойындайсың
Іздеген ғашығыңды тапқан кезде
Махаббат бар екенін мойындайсың

Жүрегің түссе тұсау құрыққа
Сезіміңді бос бекерге суытпа
Барлығы тек өзіңе байланысты
Махаббатта шекара жоқ ұмытпа

 

Нурболат Атырау
толық мында бар http://sen-ushin.kz/index.php/okirman.html
Рахмет!!!
...