0 дауыс
1.1k көрілді
Қазіргі биологтар немесе анатомдар жайлы мәлімет керек?

1 жауап

0 дауыс

Биологтар тірі ағзалар мен қоршаған ортаның өзара әрекетін зерттейді. Бұл саланың кейбір мамандары іргелі зерттеулер жүргізіп, тірі ағзалар туралы білімдерін жинақтап, ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысады. Биолог - зерттеушілер ағзаның қандай түрін зерттейтіндіктеріне байланысты жіктелетінін айтады: гидробиологтар су өсімдіктері мен жануарларын зерттейді. Биохимиктер тірі заттардың химиялық құрамын зерттейді. Ботаниктер өсімдіктер мен олардың түрлерін зерттейді.

Микробиологтар бактерия, балдыр немесе бөртпе тәрізді микроскопиялық организмдердің өсуі мен сипатын зерттейді. Физиологтар өсімдіктер мен жануарлардың өмірлік маңызды қызметтерін, тұтас тірі организмді (өсімдік пен жануарларды) клеткалық және молекулалық деңгейде, қалыпты және қалыптан тыс жағдайларда зерттейді. Зоологтар жануарларды олардың пайда болуын, мінез - құлқын, оларға тән ауруларды және өмірлік циклін зерттейді. Зоологтар өздері зерттейтін жануарлардың түрлері бойынша орнитолог (құстар жөніндегі маман), маммолог (сүтқоректілер), герпентолог (бауырымен жорғалаушылар), ихтиолог (балықтар) болып жіктелетінін айтады.

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

  • остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім
  • синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім
  • миология - бұлшықеттер туралы ілім
  • дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім
  • спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім
  • эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім
  • ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
  • неврология — жүйке жүйесі туралы ілім
  • эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.

Анатомия ғылымының негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ, Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина, қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар қалады.

...