0 дауыс
11.5k көрілді
Дене h=45м биіктіктен түседі. Жолдың екінші жартысындағы оның орташа Vор жылдамдығын тап. Дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең . Ауаның кедергісін ескермеңдер.

2 жауап

0 дауыс
бірінші биіктіктің орташа бөлігіндегі жылдамдығын анықтаймыз H1=H/2
H1=45/2=22,5m
сосын жылдамдықты анықтаймыз
V1=√2gH1=√2* 9.81* 22.5=21.01m/c
сосын соңғы жылдамдығын анықтаймыз
V=√2gh=√2* 9.81* 45=29.71m/c
Vорт=(V1+V)/2=(21.01+29.71)/2=25.36m/c
болуы керек
0 дауыс
Бұл кездегі ең оңай тәсіл кинетикалық энергия мен потенциалдық энергия теңестіру арқылы шешу. Сонымен, Vсоң  табамыз. Екин=(mVсоң^2)/2 (^ белгісі дәреже деген мағынаны білдіреді, мысалы х-тің квадраты былай жазылады х^2), Епот=mgh. Екин=Епот (энергиялардың сақталу заңынан),
(mVсоң^2)/2=mgh
Vсоң^2=2gh
Vсоң=түбір астында(2gh)
Vсоң=30 м/с
тура осы секілді жолдың бірінші жартысының соңғы жылдамдығын табамыз, тек бұл кездегі биіктік 22,5 м болады.
(mV1соң^2)/2=mgН
V1соң^2=2gН
V1соң=түбір астында(2gН)
V1соң=21,21320343559642573202533086315 м/с
Жолдың екінші жартысының орташа жылдамдығы мынадай
Vорт=(V1соң+Vсоң)/2=25,606601717798212866012665431575 м/с немесе
15(1+түбір астындағы2)/(түбір астындағы2) м/с
формула операторларын қоя алмағандықтан түсіндіру қиынырақ болып отыр.

![Суреті мынау][1]


  [1]:
...