Байқоңыр - ғарыш алаңы. . Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол аркылы байланысқан.Байқоңыр- әлемдегі теңгесі жоқ бірден бір ғарыш айлағы.
Қорқыт атамыз «жер кіндігі» деп атаған жерде орналасқан дүние жүзіндегі бірінші ғарыш айлақ ретінде 20 ғасырдың символы болып табылатын, ғарышқа Жердің бірінші жасанды серігін және бірінші адамын аттандырған Байқоңыр айлағы болатын. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылған еді. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Мен келісемін! Байқоңыр мен үшін жер кіндігі!!!