Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі алатын орны
Октябрь 20, 2011 · Биология
Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі алатын орны
Жануарларды жіктеудегі жүйелік топтарға тән адамның ұқсас белгілері
Жүйелік топтар Адамның әрбір жүйелік топтарға тән ұқсас белгілері
1. Типі – хордалылар (желілілер) Адамның ұрығының дамуында арқа жағында хордасы (желісі) және жүйке түтігі байкалады. Ұрығының даму барысында жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады.
2. Тип тармағы: омыртқалылар (бассүйектілер) Омыртқа жотасы жетіледі, екі жұп аяқтары пайда болады. Жүрегі денесінің құрсақ жағындағы көкірек бөліміне орналасқан. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлынға жіктелген. Миы 5 бөлімнен (алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопакша ми, мишық) тұрады.
3. Класы: сүтқоректілер Денесінде түгі бар, сүт бездері болады, ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Терісінде көптеген тер бездері болады. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын кокет (диафрагма) бөліп тұрады. Сүт тістері мен тұрақты тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші, үлкен азу тістер) жіктелген. Мойын омыртқасы жетеу, ортаңғы кұлақ куысында үш есту сүйектері (тос, балғашық, үзеңгі) бар. Денесінде калдық мүшелер сақталған.
4. Класс тармағы: ұрықжолдастылар ұрығы аналығының, арнайы мүшесі – жатырда дамиды. Жатыр мен ұрықтың арасында ұрықжолдасы (плацента) түзіледі, онымен ұрық қоректенеді.
5. Отряды: приматтар Миы едәуір үлкен; бес саусақты қармалағыш саусақтарының ұшындағы тырнақтары үшкір емес – жалпақ. Басбармақтары басқа саусақтарына қарама-қарсы орналаскан. Бір ғана ұрпақ береді.
6. Отряд тармағы: адамтектес маймылдар Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы шамалас, 32-36 тісі бар, жыл бойы көбейеді. Құйрығы және шонданай мүйізтегі жойылған, құлақ қалқанынын, пішіні ұқсас. Жүлгелері мен қатпарлары дамыған миы үлкен. Соқырішегі бар, қаны 4 топқа бөлінеді. Аталық және аналық дарақтарының кұрылысы ұқсас емес.
7. Тұқымдасы: адамдар (гоминидтер)
8. Туысы: адам
9. Түрі: саналы адам
Салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде адамның шығу тегі мен тарихи дамуы 4 кезеңге бөлінеді. 1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120-150 см, дене салмағы 20-50 кг. Тік жүріп, ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған.
2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп, коғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып, қарым-қатынас жасаған.
3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300-1500 г болған. Еңбек кұралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен.
4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.[1]
Пайдаланған әдебиет
↑ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. – Алматы: Атамұра, 2008. – 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х