+1 дауыс
375 көрілді
Менің атым  Улбосын.  Мен 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,  Сарыағаш қаласында Амалдыковтар отбасында  дүниеге келдім.Менің отбасым кішігірім мұғалімдер отбасы.Біз отбасында алты жанбыз: әкем, анам, екі үлкен әпкем, мен және інім.
     Мынау менің әкем.Есімі Мұрат.Ол орыс тілі пәнінің мұғалімі.Менің әкем қатал көрінгенімен өте мейірімді.Оның айтуынша, адам көп еңбектену керек.      
 Ал мынау менің мейрімді анам. Оның есімі Назгүл.Ол тарих пәнінің мұғалімі.Ол тамақты өте дәмді дайындайды.Мен анама ұқсаған мейрімді болғым келеді.
Ал мынау менің үлкен әпкем .Оның есімі Меруерт.Ол уйленген. Оның кішкене сүйкімді қызы бар.
Мынау менің екінші әпкем Камшат. Ол фармацевт. Ол Қазақ Ұлттық Медициналық  Университетін бітірді.Қазір Алматы қаласының аптекаларының бірінде жұмыс істейді.
Ал мынау менің інім- Ерғали.Ол  он бірінші сынып оқушысы.Ерғали мен секілді Қазақ Ұлттық Медициналық  Университетінің студенті болғысы келеді.
 Ал мынау мен. Мен Қазақ Ұлттық Медициналық  Университетінің  жалпы медицина факультетінің студентімін.Менің арманым университетті жақсы бағамен бітіріп, шетелде білімімді жетілдіргім келеді, Жалпы менің отбасым қарапайым, тату отбасы. Мен қз отбасымды  мақтан тұтамын

1 жауап

+1 дауыс
sozdik.kz саитында барі бар тез аударады
Ешбір сайт дұрыс аудармайды.Дәлме-дәл болмаса да мағыналас етіп аударып берулеріңізді сұраймын
Белгісіз
...