+8 дауыс
473 көрілді
Қалай блогты жүргізу керектігі, қандай жазбаларды жариялаған дұрыс. Біз Алматыда емеспіз, Асхат ағамыздың лексиясына қатыса латын. Жазба түрінде қалай жүргізуге болатынын айтып берсеңіздер.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ербол інім, сен блог  блог жургізем деп түбегейлі шешсең мақсатыңды анықтап алғаның жақсы. Не туралы жазасың?

Көпшілік блоггерлер жазғысы келеді, кейбір шетелдік журналисттер секілді бірін бірі көшіріп.... артынан қалады. Басталады да, жүргізілмейді. Меніңше, сен өзің неге қызығасың немесе бос уақытыңда қандай тақырыптар қызықты, сол туралы бастағаның жақсы. Бастасаң айт, қонақ боп көрімдікпен жылдам жетеміз...)))

Блог жүргізу қосымша  хобби екендігін ұмытпа. ))))))))))))
+5 дауыс

"Қазір ҚазНетте қазақша ақпарат аз болғандықтан, қандай тақырыпты болса да жаза бер. Кез келген өзіңді қызықтырған тақырыпты. Кейін артынан өзің жазғың келетін бағыт өзі-ақ айқындалып шығады " деп Асхат ағай айтқан болатын.smiley

Егер әр түрлі тақырыпта жазсаң, онда сенің блогыңды гугл іздеушісі таппай қалады! Сондықтан бір тақырыпты қуған дұрыс деп есептеймін!
0 дауыс

                                      

 

Енді бастап жатқан блоггерлерге пайдалы 10-кеңес. 1 - інші бөлім
                                

1. Блогыңыздың қандай бағытта жұмыс істейтінін нақты белгілеп алыңыз , дұрысы өзіңіздің қандай тақырыпта жақсы білетініңіз жайлы қозғаған жөн. Көптеген бағыттарда тақырыпты қозғап миыңызды ашытпағаныңыз дұрыс. Өзіңізге ыңғайлы бір бағытты таңдап сол тақырыппен жұмыс жасаңыз.

2. Блог атауында сіз таңдаған бағытқа сай келетіндей таңдаңыз.

3. Блог дизайнын барынша қарапайым қылып жасаңыз , өйткені қолданушының назары тек қана материалда болғаны дұрыс.

4. Өте жарқыл және түсініксіз шрифттерді таңдамаңыз , оқырманға түсінікті болуы қажет.

5. Блогқа тек қана өзіңіз жазған немесе сатып алған мақалаларды салыңыз. Қандай жағдай болмасын басқа сайттардан көшірмеңіз.

6. Мақалаларды өзіңіз жазуға тырысыңыз және жиі жариялап тұрыңыз.

7. Мақала 800-2000 әріптен кем болмауы тиіс.

8. Мақала жазарда атақты ақындардың шумақтарын , тақырыпқа сай мақалдарды қолдансаңыз артық етпейді.

9. Блогыңызды іздеуіш құралдарға (Google,Yandex т.б) тіркеңіз.

10. Жазған мақалаңызға дұрыс ілмек таңдаңыз.

Бұл енді бастап жатқан блоггерлерге 10- кеңестің 1 - інші нұсқасы.Алдағы уақыттарда 2 - інші бөлімі шығады Соңына дейін оқығандарыңызға рахмет. Бізбен бірге болыңыздар.

www.WebSheber.ucoz.com

Тамаша кеңес.
Ұнағанына қуаныштымын. Жақында 2-бөлімі шығады. Мақала www.websheber.ucoz.com сайтында жарияланатын болады!!!

Ұқсас сұрақтар

...