Барлық сетьевой драйверлерді тауып беріңіздерші?

0 дауыс
356 қаралым
Компьютер интернетке кірмей  қалса сетьевой драйвермен жасайды ма?
• Санаты: Компьютер құрылыстары

3 жауап

0 дауыс
http://driver.ru/ Сетевой драйверлерді осы сайттан алсаң болады.
0 дауыс
Кірмей қалса, сеттік картанын драйверінен бола бермейді гой!
проблеман тек соган тақалып тұрган болса драйверін орнатасың!
+1 дауыс
Сетевой драйвер - желілік картаны компьютермен байланыстыратын бағдарлама. Тиісінше, желілік карта, видеокарта, дыбыстық карта және флешка, принтер сияқты құрылғы түріне жатады. Құрылғылар сыртқы және ішкіге бөлінетінін де ескеріңіз, бірақ мақсаты бөлек болғанымен, атқаратын қызметтері ұқсас.
Мысалы, принтер істен шықса, принтердің драйверін өшіріп қайта орнатқаннан мәселе шешілмейді. Сол сияқты, интернет істемесе, оның бар мәселесі желілік драйверден болу мүмкін ықтималдығы өте сирек кездеседі.
Қысқаша, интернеттің жұмыс істеу принципін қысқаша жазып көрейін:
Модем. Модемді компьютерге қосамыз. Модем іске қосылады. Іске қосылған модемнің dsl, internet индикаторлары ( кішкентай жасыл светтері) жануы керек. Модем дайын.
Компьютер. Модем компьютерге қосылғанда, компьютер модем қосылған себепті реакция жасайды. (Қосымша: Подключено устройство деген сияқты хабарлама шығуы мүмкін)
Әрі қарай, браузерді ашып көреміз. Интернетке шықпаса, баптауын тексереміз.
Ол үшін, https://surak.baribar.kz/141386/?show=141396#a141396 адресіне өту керек.

Ескерту: сұрақ қояр алдында, өз жағдайыңызды толықтай сипаттап өтіңіз. Интернет түрі, модем маркасы, қандай әрекеттен соң істен шықты. Бұндай ақпаратқа жауап беру бізге де жеңіл, сізге де нәтижелі жауап болар еді. Рахмет.

Ұқсас сұрақтар

127,809 сұрақ
322,406 жауап
153,154 пікір
72,845 қолданушы