+2 дауыс
3.6k көрілді
және де ол Нарын құмында туған дейді.Ал Нарын құмы Оралда.сонда оның Атырауға қандай қатысы бар?себебі Атырауда да Махамбет ауданы деген аудан бар емес пе?ол сонда қайда туылып қайда жерленген?осыған түсінбедім жауап берсеңіздер))

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Нарын құмы-деген Атырауға жақын жер, бірақ ол жер Оралдың жер аумағына жатады! Кезінде Махамбет атамыз сол жерлер аралығында жүрген, Бөкей орадасында да жүрген, Бөкей ордасының ханы мен қырылысқан. Төменде аз-маз мәлімет:
*Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды.*
[1 мәлімет][1]
[2 Уикипедия][2]


  [1]: http://www.inform.kz/kaz/article/2183756
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D1%82_%D3%A8%D1%82%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%81%D2%B1%D0%BB%D1%8B
көп көп рахмеет!!
0 дауыс
Қазақстандағы көшелерге тек батыр, хандардың, билердің және ҚР на еңбегі сіңген адамдардың аттары беріледі !! Ал жерленуіне келсек оның Тарихта оқыған болсағыз Көтерілісті бастағаны үшін оның басына 1000 сом  берілетін болғандықтан өзінің туыстары ұстап берген дегенді оқығам ал интернетте былай делінген
(1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп,оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.) *Қорытынды оны ұстап берген болса Патша өкіметіне алып кетеді алып кеткеннен кейін ол жақта не істейтінін өзіңіз білерсіз !! Ал интернетте жазылғанына сенетін болсақ Сол кездегі Орынбордың аумағына жерленуі мүмкін деп ойлаймыз !!*
0 дауыс
*Еш жерден қарамай өз көрген білгеніммен жауап берейін Атырау қаласында Индер ауданына жақын орналасқан және Махамбеттің биітіне барып көргем.))*
0 дауыс
Махамбет батыр туралы бәрі де білуі тиіс,әсіресе батыс қазақстан тұрғындары,ол атырау обылысы индер ауданынан 40 шақырым жердегі  біздің ауылға яғыни жарсуат селосына қарайтын қарой деген жерде жерленген,кейбір мәліметтерде махамбет ауданында жерленген деп жазылған ол қате
0 дауыс
Махамбет Өтемісұлы өмірінің соңғы күндерін өткізген Қараой деген жерде өзінің жақын інісі Ықыластың қолынан қаза тапты
...