Сәлематсыздар!менің сұрағым Заңды мықты білетіндерге

+1 дауыс
377 қаралым
Сәлематсыздар!менің сұрағым Заңды мықты білетіндерге.Осы колледждерде мысалға жұма намазына барған үшін және балақ қайырып жүрген үшін шығарулары Заңда бар ма?толықтап жазсаңыздар осы турасында.
Заң

1 жауап

0 дауыс
Заң жағынан білімін мықты емес, бірақта өз ойымды білдірсем. Қазақстан Республикасы Ата заңында өзін зайырлы мемлекет ретінде қабылдағандықтан қандай дін болсын оның этикасына қайшылық келтірмеуі қажет. Бірақ та, өздеріңіз білетіндей қоғамдық ортада намаз оқуға тиым салынды. Осыған байланысты көптеген оқу орындарындағы намазханалар жабылды. Енді сіз қозғап отырған екі мәселеге келсем, біріншісі, жұма намазына барып-келетін уақытта сабағыңыз болмаса, онда оқу орныңыздың сізге арыздануына ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын. Себебі, сіз оқу орнының ауласынан тыс жерде, бос уақытыңызда қалағаныңызды істей аласыз. Егерде, жұма намазына барып-келетін уақыт ішінде сабағыңыз болса, және екіншіден, балақ қайырып жүргеніңіз үшін оқу орнының әкімшілігі ішкі ережелеріне байланысты сізді оқудан шығаруға құқылы деп санаймын, *әрине, оқу орнының ішкі ережелерінде бұл жағдайлар қарастырылса.*
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы