+3 дауыс
259k көрілді
Арал теңізі неге тартылды шағын мәлімет болса. Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.
<p><img alt="" src="https://surak.baribar.kz/?qa=blob&amp;qa_blobid=3471221037225162344" style="width: 700px; height: 460px;" /></p>
сен бұл ақпаратты қайдан таптың 1-інші

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.

Суы тартылған теңіз табанында кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ондаған ірі сызбаларды суретке түсірген. Кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Сызбалар бір-біріне қатты ұқсайды. Мамандар бұл жұмбақ таңбаларды қаншама зерттегенімен, оның неден пайда болғанын таба алмады. Кеңес заманында Аралға орналасып, бактериялық қаруды сынаған әскерилер де, қайраңға батқан балықшы кемелері де, теңіздегі қатулы толқын, құйындар да, не болмаса табиғаттың өзге де тосын мінезі, өзгерістері де теңіз түбінде мұндай керемет сызба-таңбалар қалдыра алмасы хақ. Сонда бұл не? Әлде адамзаттан тыс тағы бір әлем болып, солардың жазғандары ма? 
Тіпті тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ сызықтар, шын мәнінде, бізге белгісіз ақпараттық алаң болып табылуы әбден-ақ мүмкін. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, осы сызықтардың көмегімен кеңістікті ажыратуға, планетаның магниттік өрісін, меридиандар, параллельдер, оңтүстік пен солтүстікті, өзге де маңызды мағлұматтарды білуге болады екен. Тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ жерге келген ғалымдар нақты бедерленген стрелканың тілі іспеттес суретті анықтаған. Бұл символдың әзірге қай тұсты меңзеп тұрғаны белгісіз, бірақ осынау жұмбақтардың түйіндерін бірте-бірте тарқата келе, болашақта адамзат баласы беймәлім алып меңзеп тұрған жерді табуы да мүмкін. Сонда зерттеушілерді түптің-түбінде не күтіп тұр? Жұмбақ символдардың сыры неде, кілтін қалай табамыз? Ол жерде не бар? Жаңа өркениет бар ма? 
Көзден ғайып болып бара жатқан Арал теңізінің түбіндегі суреттердің аса үлкен аумақта шашырап жатқаны әзірге ғалымдардың жұмысын күрделендіріп отыр. Ғалымдар суреттерді ұшақпен немесе тікұшақпен зерттеуге мәжбүр. Бір жақсысы, таяз әрі тұнық су жұмбақ суреттердің нақты картинасын жасауға мүмкіндік беретін көрінеді. Не керек, әйтеуір құлшынған білгіштер жерден тыс өркениеттен келген жасырын шифрлардың жауабын іздеуін жалғастыруда. 

+2 дауыс
Арал теңізінің тартылуының негізгі себебі :
Арал теңізіне құятын екі өзен бар Амудария мен Сырдария, осы жердегі Амударияның жеткілікті дәрежеде, тіпті мүлде келмеуінің кесірінен. Өзбек ағайындар мен қарақалпақ халқы Амудария суын күріш дақылдарына есепсіз пайдаланды, ал бұл жердегі жалғыз Сырдарияның өзі үлкен теңізді қалай толтырсын.
Кім білсін, Арал теңізінің толуы үшін біраааз уақыт керек.
+2 дауыс
Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оыың апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілгеы.
Арал өңірінін тұргындары 1970 жылдарга дсйін әлеуметтік-эконо-микалық түрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балык комбинаты тұрақты жүмыс істеген.
1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлсмі бұрынгыдан Өзбскстан мсн Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есегс өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіыс орай суға деген кажеггілік те артгы. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылаіын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет стетін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игсріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзсгс асты. Мәселсн, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су күйылса, бүл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары скі сссгс қысқарды. Нәтижесіндс, Арал тецізінің дсңгсйі 23 мстргс дейін төмсндеп, оныц су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык прспарагтарды қолдану бүрын-соцды болмаған керсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге ескен. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты. Қүргап қалған теңіз түбінен жыл сайыы айналаға зияндылығы ете жогары 2 млн. т түзды шаңдар көтсріліп, желмен тарай бастады. Сонымсн, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жсргілікті жсрдің тарихи-табиғи ерскшсліктерін ссксрмсу;
- ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау, судың қорын есеп-кс алмау;
- суды өте көп қажет стетін күріш, мақта дақылдарып барынша көбейтіп жібсру; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және судьт үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жібсрілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілср Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дагдарысқа әкелді. Бүл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар ныша-ны жьіл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фауыасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүрудс. Арал тецізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардьщ әлеумсттік жағдайы төмендсп кетті. Теңіз түбінсн кетсрілгсн улы түздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптсн, түзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұньщ өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш біртс-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал оңіріндегі антропогендік факторлар ондағы түрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлсуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарга сріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңіріндс адамдардың дснсаулығы күрт төмсндеп кетті. Бүл еңірдс соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйреккс тас байлану, сарысу, өкпс-тыныс жолдарының қабьшуы, жүқпалы аурулар рсспубликанын басқа өңірімсн салыстырғанда жоғары кәрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халыктарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптегсн ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгсруі, шелге айналу, атмосфсрадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйслсрдің түрақсыздығын тудырады. Арал мәселссі соңғы 10 шақты жылда гсограф және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәсслссі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркснистті слдср қаржылай көмск көрсстудс. Олар нсгізінсн Орта Азия рсспубликалары, Рсссй, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
+1 дауыс
Арал теңізінің экологияльқ мәселелері
 60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
 Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.
 Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
 Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
 Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде oрналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі -1 шамамен 1000 км. Тереңдігі 20-25 м. ең үлкен тереңдігі — 67 м. Жаздағы орташа температура 24- 26°С, қыста – 7-13,5°С. Жылдың жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм.
 Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен — 5,9 км, өзен ағысымен — 54,8 км қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану — 60,7 км. Теңіз деңгейінің маусымдың ауытқуы — 25 см, ал ғасырлың — 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтық өзендерінің сұлылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері — Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
 60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км, ал 1980 жылы — 10 км. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
 Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазір ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5-2°С-ға төмендесе, маусымда 2°С-қа артқан. Ауа райынық қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді Аязсыз кезеңнің 170-180 күнге қысқаруы мақта өсіруді қиындатады (мақтаның өсуіне 200-220 күн оң температура қажет). Бұрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 г/л болса, қазір ол 2,5 r/л жеткен. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
 Арал теңізінің тартылып, теңіздің маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға ҚҰЯТЫН Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде ТҰЗДЫ сортаң шөл пайда болды.
 ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан бастап, ғарыштан (космостан) түсірген суреттерде Арал маңынан орасан зор шаңды дауылдар тіркеле бастаған. Шаңды дауылдардың ошағы Арал теңізінің СОЛТҮСТІК шығыс және шығыс жағалауындағы суы кепкен аймақта болды. Аралдың табанынан желмен көтерілген ТҰЗДЫ шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық ТҰЗДЫ шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен ТҰЗ топырақтың құнарлылығын азайтып, eгic өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. ТҰЗДЫ шанның -шөгуінің зиянды әсері тұрмыста пайданатын ауыз судың сапасын, халықтың денсаулығы нашарлатуда.
 Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз шыңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т. б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде 1988 жылы ХХ ғасыр «Бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді.Осыма??№
+1 дауыс

Уақытысында аумағы жөнінен Жердегі ішкі сулар қатарында төртінші орында болған Арал теңізі үшін 2014 жылдың жазы тағы бір кері кеткен маусым ретінде тарихта жазылды. NASA-ның жер серіктерінен түсірілген фотосуреттерге қарағанда Оңтүстік Аралдың шығыс жартысы алғаш рет толықтай дерлік кеуіп қалды. Фотосуреттер Earth Observatory сайтында жарияланды.

Батыс Мичиган университетінің география профессоры Филип Миклиннің айтуынша, бұл жағдай соңғы 600 жылда, яғни, Әмудария өзені өзінің арнасын кілт өзгертіп, Каспий теңізіне құюын доғарғаннан кейін бірінші рет болып отыр (Арал теңізінің тартылуы циклді сипатқа ие). Алайда, бүгінде Әмударияның арнасы қаз-қалпында. Арал теңізіне жалғанып жатыр. Бірақ, өзен суы ұзақ жылдардан бері Арал теңізіне жетпейді.

Бес жыл бұрын Оңтүстік аралдың шығыс бөлігі толықтай жойылған еді. Әйткенмен, мол жауын-шашынның есебінен ондағы су деңгейі күрт көтерілді. Миклиннің ойынша, шығыс бөлігінің толықтай дерлік құрғап қалуына Арал теңізі алабында жауын-шашынның аз түсуі себеп. Сонау Памир тауларында қар аз түсіп, еріген қар суларының аздығынан онсыз да Аралға тамшыдай болып жететін өзендегі су қоры анағұрлым төмендеген. Одан бөлек, Орта Азия елдерінің өзен суын ауылшаруашылығы қажеттеліктері үшін тынымсыз пайдалануы аз су мөлшерін тіпті тауысты. Ал, Арал теңізінің құрып бітуі адами факторлардың салдарынан басталғаны әуелден белгілі.

Біреу еді, үшеу болды

Теңіздің тартылуы XX ғасырдың орта тұсында басталды. Дегенмен, Аралдың «жоқ» болатыны жөнінде қауіп сөздері одан бұрын, 30-жылдары айтыла бастаған-ды. Сол кезде КСРО аумағында Орта Азия жерлерін мелиорациялау жөнінде ғаламат бағдарлама қолға алынды. Әмудария мен Сырдария өзендері бойынан суландыру жүйесінің құрылыстары басталды. Бір ғана Қарақұм су арнасының ұзындығы 1445 шақырымға созылып,Әмудария суының 45 пайызын өзіне алып қойды. Кеңестік инженер-мелиораторлардың суды шығындамай сақтап қалу үшін қолдан қазылған су арналарын бетондауға бастары жетпегені таң қалдырады.

Арал, шіркін, 60-жылдарға дейін өзінің тірі қалуы үшін күресіп-ақ бақты. Ондағы су деңгейі бұрнағы қалпын сақтады. Ауданы 68 мың шаршы шақырымға, ұзындығы 426 шақырымға, ені 284 шақырымға жетсе, ең терең жері 69 метр болды. Жылына 40 тонна балық ауланып, теңіздің қазақстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу комбинаты, 45 балық қабылдау бекеті; өзбекстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу зауыты мен 20-дан астам балық қабылдау бекеті жұмыс істеді.

Бірақ, 60-жылдардан бастап теңіз деңгейі 0,7 метрге қайтымсыз түрде төмендеді. Аралға келіп құятын өзен суларының мөлшері — 4,5 есе, теңіздегі су айдынының ауданы – 8 есе, су көлемі – 13 есе азайды. Тұздану деңгейі 13-25 есе өсіп, Әлемдік мұхиттың минерализациялану бойынша орта деңгейінен 7-11 есе артып кетті. 1989 жылы Арал теңізі бір-бірінен оқшауланған Солтүстік (Кіші) Арал және Оңтүстік (Үлкен) Арал деп екіге бөлінді. 2003 жылы Оңтүстік Аралдың өзі тағы екіге: шығыс және батыс бөлікке айырылды (Шығыс Арал және Батыс Арал).

Оңтүстік Аралдағы судың тұздылық деңгейі артқаны соншалық, ондағы балық біткен қырылып қалды. Судағы тіршілік тоқтап, «Артемия салина» шаяндары ғана бұл тұзды суларды мекендеді. Теңіз табаны жаңа бір шөл дала – Аралқұмға айналды. Егістікке пайдаланылған тыңайтқыштар құрамындағы пестицидтер мен тағы да басқа улы заттар Әмударияға қайта қосылып, өзен суымен бірге Арал теңізіне құйылып келгендіктен, ешқайда кетпей, теңіз түбінде шөгіп қалған-ды. Сол улы заттар теңіз тартылғанда, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтеріліп, Арал маңын, Қарақалпақстан мен Қазақстанға жататын аумақтарды экологиялық апат аймағына айналдырып жіберді. Жергілікті жұрт тыныс жолдарының созылмалы аураларына, анемия, қылтамақ, бауыр-бүйрек және көз аураларына шалдықты. 

Қазақы Арал

Сырдария өзені келіп құятын Солтүстік Аралдың жағдайы Оңтүстік көршісімен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Қазақстан билігі қалып қойған теңізді қалпына келтіруге шындап кірісті. 2005 жылы ұзындығы 14 шақырымдық Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Кіші Арал суының Үлкен Аралға жылыстауы тоқтатылды. Осылайша, Солтүстік Аралда тіршілік жанданды. 2010 жылы Солтүстік Аралдағы су деңгейі мұхит деңгейінен 42 метрге көтерілді. Бұл дегеніңіз, Оңтүстік Аралдағы су деңгейінен 14 метрге жоғары, өткен ғасырдың 70-жылдарындағы су деңгейінен 11 метрге төмен. Су айдынының ауданы үш мың шаршы шақырымнан асады. Орташа тереңдігі — 8 метр.

Қазір Солтүстік Аралда жылына 6 тоннаға дейін балық ауланады. Мұндағы суларда сазан, көксерке, ақ амур, лақа, табан, торта, камбала балықтары бар. Таяу жылдарда су деңгейі Арал қаласына жақындауы мүмкін деп күтіліп отыр. 2012 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Кіші Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын әлемдік маңызы бар сулы-батпақты жер-сулардың тізіміне қосты. Осы тізімге енген жер-сулар Рамсар конвенциясымен қорғалады.

Теңіздің оңтүстік бөлігі болса, өзінің ақырғы күндерін кешіп жатқанға ұқсайды. Осыдан бес жыл бұрын ресейлік ғалымдар ондағы су деңгейінің жылына бір метрге тартылатынын, ақырында «жер асты және қалдық өзен суларымен қоректенетін ащылы-тұщылы су айдынына» айналады деп болжам жасаған. NASA-ның фотосуреттеріне қарағанда, Үлкен Аралдың шығыс бөлігі бұл стадияны өткерді. Ендігі кезек, батыс бөлігінде. Әмударияның суы бұл бөлікке жетпейді. Су айдыны жер асты су көздерінің есебінен «бар» болып отыр. Түрлі бағалауларға сенсек, жер асты су көздерінен жылына екі текше шақырым су беріледі.

Сөйте тұра, Аралдың суын «тартып алып қойған» Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстан мемлекеттері суармалы жерлерінің жартысын қысқартып, Әмударияның айдынын толтыруға ешбір құлық танытар емес. Керісінше, халқын асырау үшін суармалы жер көлемін үздіксіз арттырып келеді. Экспортқа шығарылатын ылғалсүйгіш мақта өсімдігі де осы Әмударияның есебінен суғарылады. Аралдың ажалына кезінде осы мақта өсіру шаруашылығы тікелей себеп болған-ды.

Ғалымдар теңіз деңгейін толықтай бастапқы қалпына келтіру үшін Әмудария және Сырдариядан жылына құйылатын су мөлшерін төрт есе арттыру керектігін есептеп шығарды. Бүгінде, бұл қос өзеннен жылына 13 текше шақырым су құйылады. Арал теңізінің тартылуына үлкен зардап шеккен Өзбекстан үкіметінің ұйытқысымен ұйымдастырылатын конференциялардан келіп жатырған пайда аз. Бұған қоса, Аралқұм аумағында көмірсутектердің ірі қоры ашылған. Кейбір есептеулерге сәйкес Аралқұмдағы көмірсутек қоры Орта Азиядағы барлық мұнай қорының 31 пайызын, газ қорының 40 пайызын құрайды. Мұнда қазір ресейлік «Лукойл» компаниясы белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да теңізді тірілту мәселесі көзделген пайданың ығында қалып, әзірге екінші орынға ысырылған сияқты.

Теңізді толтыру үшін ойластырылған қияли бір нұсқа бар. Ол — Памир тауларының тәжік жеріндегі аумағында орналасқан Сарез көлінің суы есебінен теңізді толтыру. Сарез көлінің су деңгейін 70-100 метрге төмендету арқылы Арал теңізінің айдынын 6-8 миллиард текше метр сумен толтыруға болатыны есептелген. Бірақ, Аралды қалпына келтіруге қатысты қандай әрекет болмасын, осыған мүдделі мемлекеттердің күші біріктірілу керек. Ал, бұған мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас әзірге жақсартуды қажет етеді. Арал теңізінің келешегі де осы жақсартуларға байлаулы.

0 дауыс
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
0 дауыс
Аралдың құрғауының себебі Байқоңырдың кесірі дейді-мыс. Себебі зымыран ұшырғанда отты сөндіру ұшін өте көп су кетеді екен... Егер бұл шын болса да үкімет бұны жоққа шығарады.
0 дауыс
1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды
0 дауыс
Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.
0 дауыс
Арал теңізі табиғат құбылысынан және тұздан тартылып құрғап кеткен
0 дауыс
(Менің ойымша)

1)Арал теңізіне құятын өзендер ағысы азайды әсіресе Әмудария өзені

2) табиғаттың ластануы

3)Ресей үкіметі кезінде ол теңіздің айналасында көп сынақтар өткізген (Ядролық қару)

4)Байқоңыр ғарыш айлағы(Байқоңыр Теңізге жақын орналасқандықтан!)
0 дауыс
Су тартылған теңіз табаныныда 500 шаршы метр алаңында бір бағытқа тартылған оңдаған ірі сызбаларды суретке түсірген
...