Шариғатта тап осылай айтылғаны туралы дәйекті дәлел бар ма? Қымс етсе болды Шариғаттың атын жамылатындар көбейіп кетті ғой. Қай жерде айтылғанын көрсетіңіздерші... Дініміз зорлық-зомбылық пен қол жұмсауға жол береді дегенге сене алмай отырғаным. Ата-бабамыз аналарымызды құрметтіп, қыздарын алақанға салып аялап өсірген ғой. Қазақтай қыз баланы құрметтейтін халық жоқ деп ойлаймын. Үш рет айтқанын тыңдамағаны үшін қол жұмсай берсе, адамның жүрегінде не жылу қалады? Ал ер адамның айтқаны дінге, адамдыққа қайшы келетін нәрсе болса, соны істемегені үшін де таяқ жеу керек пе әйелі? Бұл Исламға дейінгі арабтардың қара дүрсін салтынан енген жоқ па деген күмән туындап отырғаны. Пайғамбарымыздың төмендегі әйелдер жайлы өсиет хадистерін көре тұра, шариғатта осылай айтылған дегенге сене алмаймын.
Әйелдер әлсіз әрі қорғансыз жаратылған. Оларды үйлеріңізде қорғаңыздар. Олардың әлсіздігін (яғни ашуын) үнсіздікпен жеңіңіздер (Ибн Аббас).
Сіздердің ең қайырлыларыңыз, әйелі мен қыздарына ең жақсы қарағандарыңыз (Әбу Хурайра).
Мүмин ер кісі, мүмин бір әйелге ренжімесін. Адам әйелінің бір мінезін ұнатпаса, басқа мінезіне риза болады. (Муслим)