Менің үйленгеніме биыл 9жыл толып, 10 жылға аяқ басуда. Бірақ, менің мінезімнен бе, түсінбеймін, неге екенін білмеймін, мен қайын жұртымды жек көремін. Олардың көрсеткен әділетсіз қылықтарынан шаршаймын. Әсіресе, қайын әпкелерімнің, жалпы барлығының түрін көргім келмейді, өзімше еркін өмір сүргім келеді. Әлде мен өмірдің қиыншылығынан шаршадым ба? Маған психологтың кеңесі керек сияқты. Жүйкем жұқарып бітті, сәл ашулансам қалтырап-дірілдеп кетемін. Барлығының күші маған келетін сияқты. Білмеймін... Жазып жеткізе алмайтын сияқтымын... Маған нақты жауап беріңіздерші, не істеймін?!